Ақбұлым — Жамбыл облысы Жамбыл ауданында болған ауыл, бұрынғы Ақбұлым ауылдық округінің орталығы. 2024 жылы таратылып, Тараз қаласы Жібек жолы ауданындағы шағын ауданға айналды.Тараз қаласына іргелес аудандардан 14 ауыл қосылады

Географиялық орны Аудан орталығы - Аса ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 28 км-дей жерде, жазық дала белдемінде орналасқан. Жақын теміржол бекеті — Тараз қаласы (5 км жерде).

Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен3084 3857 125,1 1512 1925 127,3 1572 1932 122,9

Бұрынғы ұжымшар негізінде құрылған өндірістік кооперативтер жұмыс істейді. Ауылда мәдениет үйі, мектептер, емхана т.б. мекемелер бар. Ақбұлым арқылы ауыларалық автомобиль жолы өтеді.Қазақ Энциклопедиясы

Ақбұлым аталуының себебі, Қырғыз Алатауының төменгі сілеміндегі Ақтаудың етегінен шыққан бұлақтан көктемдегі, күздегі будан ауылды ақ бу басып, бұлыңғыр тартып, соған байланысты ауыл "Ақбұлым" атанған.Жамбыл облысының топномикалық атауларының анықтамалығы

Дереккөздер

Санат:Жамбыл ауданы (Жамбыл облысы) таратылған елді мекендері