Дулебтер — Батыс Волынь жерін қоныстанған ежелгі тайпалар бірлестігі. 7 ғасырда аварлар шапқыншылығынан қатты күйзеліске ұшыраған. 907 жылы Дулебтер жасақтары Киев князі Олегтің жорығына қатысады. 10 ғасырда Дулебтер бірлестігі ыдырап, Киев Русінің құрамына бужан және волындық деген атауларымен енді.

Дереккөздер