Алдабергенов ауылы — Жетісу облысы Ескелді ауданындағы ауыл, Алдабергенов ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы – Қарабұлақ ауылының батысында 22 км-дей жерде, Көксу өзенінің оң жағалауында, қоңыржай-ылғалды агроклиматтық белдемде жатыр.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен36793669 3811 103,9 1787 1889 105,7 1882 1922 102,1
Тарихы Бұрын “КОКП 22-партсъезі” атындағы ұжымшардың орталығы болған.
Инфрақұрылымы Алдабергенов ауылында диірмен, машина-трактор шеберханасы, тұрмыстық үй, орта мектеп, мәдениет үйі, Н.Алдабергенов атындағы мұражай, 2 клуб, саяжай, стадион, аурухана, наубайхана т.б. кәсіпорындар мен мәдени орындар, сондай-ақ елді мекеннен шыққан 18 Социалистік Еңбек Еріне және Кеңес Одағының батыры Матай Байысовқа арналған “Батырлар аллеясы” бар. Бұрынғы ұжымшар негізінде шаруа қожалықтары ұйымдастырылған. Тұрғындары Қарабұлақ кентімен, елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет. ISBN 9965-17-134-3Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ескелді ауданы елді мекендері