“Алдаспан” — тәуелсіз журнал. 1997 жылдың тамыз айынан бастап қазақ тілінде, Алматы қаласында ай сайын шығып тұрады. Таралымы — 10000 дана. Құрылтайшысы — қоғамдық “Алдаспан” батырлар қоры. Журналдың негізгі мақсаты — жас ұрпақты отаншылдық патриотизм, ата-бабалар дәстүріне адалдық рухында тәрбиелеп, ел, жер тарихымен, имандылық қағидаларымен таныстыру. “Алдаспан”-да қасиетті кітап — Құран Кәрімнің ғылыми мәнін ашуға арналған материалдар және Мұхаммед пайғамбардың хадистері, сондай-ақ шығыс ойшылдарының кейбір еңбектері жарияланды.“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6 Дереккөздер
Қазақ энциклопедиясы
Санат:Журналдар