Рентген сүзгілері – бұл монохроматты сәулелену алу үшін және сәулеленудің аса жоғары жұтылу үшін арналған біртекті материалдан жасалған пластина. Тежеуіштік рентгендік сәулеленуінде фотон энергияларының максималынан (рентген түтікшесіне берілген кернеу арқылы анықталатын) нольге дейін бар. Сәуле рентген түтікшесінен өткенде біртекті емес әлсірейді. Көп мөлшерлі энергиялы фотондарға қарағанда (спектрдің қысқа толқынды бөлігі) , аз мөлшерлі энергиялы фотондар (спектрдің ұзын толқынды бөлігі) әлдеқайда көп азаяды. Біртекті емес әлсіреу рентген сүзгішінің материалы мен қалыңдығына тәуелді. Сүзгіден өткен сәулелену жоғары энергиялы фотондар мөлшеріне ие болып қатты болады. Рентген сүзгілерінің материялы мен қалыңдығы сүзгіден өту барысында рентген сәулеленуінің қаттылығы аса көп өзгеріссіз болатындай етіп таңдалынып алынады. Бұндай сәулелену энергиясы бойынша біртекті деп алады және рентгенттеропиясында терінің сәулеленуден күйіп кетуін болдырмау үшін қолданылады. Рентген теропиясында көбінесе қалыңдығы 0,5-2 мм мыс, қорғасын,қалайы рентген сүзгілерін пайдалынады. Рентген сүзгілерін рентген түтікшесінен кейін орнатады және қолданысына қарай бұл сүзгілерді ауыстырып тұруға болады. Сүзгілердің жұту қабілеті рентген сүзгілерінің материалының меншікті салмағына тура пропорционал. Рентген диагностикасында алюминийден жасалған рентген сүзгілері қолданылады. Олар сәулеленудің ұзын толқындық бөлігін жұтады, яғни сүзгіден өткен сәуле әлсірей ағзаға кері әсерін тигізбейді. Мыс рентген сүзгілерін қолданғанда осы материалға тән өзінің сәулелену қасиетіне әкеледі. Сондықтан мыс рентген сүзгілерін алюминийлі сүзгілермен қатар пайдаланылады, яғни мыстың сәулеленуін жұту үшін. Жоғары сапалы монохроматтау үшін сәулелер жолына жұқа металл сүзгіштер қояды. Металл сүзгіштердің жұту шекарасы берілген серия сызықтарының спектрлер аймағында орналасу керек. Бұл металл сүзгіштер рентген түтікшесінің нұрлар шығатын саңылауларына параллель орналасады. Егер сүзгі алынған заттың k шекарасы жұту спектрінің 𝜆α 𝜆𝛽 аралығында жатса 𝛽 сызықты спектріне қарағанда күшті әлсірейді. Сүзгілеу әдісі 𝛽 деп аталады. Әрбір сызықтың жұту коэффициенті арқылы 𝛽 сүзгінің қалыңдығын анықтауға болады.