Василий Григорьевич Федорченко (10.1.1947 жылы т., Украина, Чернигов облысы, Репкин ауданы, Булянки с.) – әскери қайраткер, генерал-майор.
Саратов облысындағы Вольск әскери училищесін бітірген (1968). 1968 – 92 жылы КСРО МҚК-нің Шығыс, Камчатка шекара округтерінде әр түрлі әскери қызметтер атқарған. 1992 – 2005 жылы Қазақстан Республиқасы шекара әскерлерінде қызметте болып, ҚР ҰҚК шекара қызметі директорының орынбасары, тыл бас басқармасының бастығы болды.
“Құрмет белгісі” орденімен, көптеген медальдармен марапатталған. 2005 жылы запасқа шықты. "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
Дереккөздер
Санат:10 қаңтарда туғандар Санат:1947 жылы туғандар Санат:Репкин ауданында туғандар Санат:Қазақстан генерал-майорлары Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері