Меңкесер, Бұланды, Мәңгісор – Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданындағы тұйық көл. Петропавл қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 83 км жерде.
Гидрографикасы Ауданы 38,04 км2, ұзындығы 9,1 км, енді жері 6,1 км. Жағалау сызығы 25,1 км. Орташа тереңдігі 0,4 м, ең терең жері 0,6-0,7 м. Су массасының көлемі 16,4 млн. м3. Көл түбі жайпақ және тұнбалы. Тұнбасы жасыл түсті, қалыңдығы 0,3 м-ден 0,85 м-ге дейін жетеді. Оның жиынтық көлемі 11 мың м3. Тұнба мен тым минералданған судың (рапа) емдік қасиеті бар, хлоридтімагнийлі-натрийлі түрге жатады. Қасиеті жағынан Медвежье көліне (Ресей, Қорған обл.) жақын. 20-30 м тереңдікте 3,3-11,3 г/л минералданған азот-хлоридті-магний-натрийлі судың үлкен қоры табылған.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Мамлют ауданы көлдері Санат:Тұйық көлдер