Айсұлу Абдрахманқызы Валитова (1913 жылы туған, Қазан) — түркітанушы.

Мәскеу мемлекеттік университетінің шығыстану факультетін бітірген (1945). Ресей ғылым академиясының Дүние жүзі әдебиеті институтында аға ғылыми қызметкері болып қызмет істеген.

Валитова есімі түркология саласынан жазған еңбектерімен белгілі. Әсіресе, оның түркі халықтарының ортақ әдеби және философия мұрасы — “Құтадғу білік” туралы зерттеулері құнды ғылыми еңбек болып саналады.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

Дереккөздер

Санат:1913 жылы туғандар Санат:Қазан қаласында туғандар Санат:Мәскеу мемлекеттік университетінің шығыстану факультеті түлектері Санат:Ресей түркітанушылары