thumb|140px|Жеңіс ордені
Жеңіс күні — Қазақстанда мамырдың 9 (Батыс Еуропада мамырдың 8. Себебі Капитуляция актіне Орталық Еуропа уақыты бойынша 22:43, мамырдың 8 қолтаңба қойылды, ал Мәскеу уақыты бойынша бұл 0:43, мамырдың 9) мемлекеттік мереке болып табылады. «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» Заң нормаларында ұлттық мереке күндері демалыс болып саналады, ал демалыс күндері мен мереке күндері сәйкес келген жағдайда мейрам күнінен кейінгі жұмыс күндері демалыс күндері болып саналады.
1941—1945 жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысына 35 млн адам, соның ішінде 1,5 млн қазақстандық қатысты. Бұл республика халқының 18 бен 50 жас аралығындағы ересектердің 70 пайызы. Ұрыстардың алғы шебінде Қазақстаннан жіберілген 23 бірлестік, 50 шақты полктар мен батальондар шайқасты. Қазақстандықтар Мәскеу мен Ленинградты жанын қия қорғап, Украина мен Беларусьті, Балтық елдері мен Молдованы азат етуге атсалысты, Берлин шабуылына қатысты.
Ондаған мың қазақстандық ерен еңбегі мен ерліктері үшін марапатталса, бес жүзден астам адам Кеңес Одағының Батыры атанды, төрт адам бұл атаққа екі мәрте ие болды, 142 адам Даңқ орденінің толық жинағының иегері атанды.
Филателияда
Нумизматикада
Дереккөздер
Санат:Жеңіс шеруі Санат:Жеңіс күні Санат:КСРО мейрамдары Санат:Қазақстан мейрамдары Санат:Ресей мейрамдары Санат:Беларусь мейрамдары Санат:Қырғызстан мейрамдары Санат:Молдова мейрамдары Санат:Украина мейрамдары Санат:Армения мейрамдары Санат:Әзербайжан мейрамдары Санат:Өзбекстан мейрамдары Санат:Тәжікстан мейрамдары Санат:Түрікменстан мейрамдары Санат:Донецк Халық Республикасы мейрамдары Санат:9 мамыр мейрамдары Санат:1945 жылғы мамыр Санат:1945 жыл КСРО-да