Айюб әулеті — Таяу Шығыстағы билеушілер әулеті. Мысырда Фатима әулеті биліктен кеткеннен кейін Айюб ибн Шадидің баласы Салах әд-Дин негізін салған (1170).
Айюб әулетінің ұрпақтары Мысырды (1171–1250), Дамаскіні (1186–1260), Халебті (1186–1260), Хамды (1178–1341), Хомсты (1178–1262), Месопотамияны (1200–1245), Оңтүстік Арабстанды (1173–1223) биледі. Салах ад-Дин өлген соң іштей бақталастық, мамлүктердің ереуілдері, ішкі экономика байланыстың әлсіздігі салдарынан мемлекет ахуалы бірте-бірте құлдырап, Айюб әулетінің билігі жойылды.
Әдебиет Қазақ энциклопедиясы, 1-том
Санат:Ислам тарихы Санат:Мысыр тарихы Санат:Тунис тарихы Санат:Таяу Шығыс әулеттері Санат:Мұсылман әулеттері Санат:Тарихи мемлекеттер