Ақшатау – Қызылорда облысы Арал ауданындағы Бекбауыл темір жол стансасынан батысқа қарай 24 км жерде орналасқан көл.

Гидрографикасы Аумағы 25,5 км2. Ұзындығы 7,7 км, ені 5-7 км. Ең терең жері 2,5 м-ге жуық. Суы ащылау. Желтоқсанның аяғында мұзы қатып, сәуірдің бас кезінде ериді.

Жағалау сипаты Ақшатау Сырдариямен арна арқылы жалғасады. Батыс жағалауында қалың қамыс өскен. Көлден сазан, көкбас, алабұға ауланады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Арал ауданы көлдері Санат:Сырдария су алабы