Милле (Mіllet) Жан Франсуа Аллар (4.10.1814, Грюши, Гревиль маңы – 20.1.1875, Барбизон, Париж маңы) – француз кескіндемешісі, график - суретші.

1837 – 38 жылы Парижде П.Делароштан сабақ алды. 1830 – 40 жылы эклектикалық мәнерде портреттер, көріністер, аңыз бен ертегілерге негізделген композициялар салды. 40-жылдардың аяғында барбизон мектебі шеберлерімен пікірлес болып, әлеуметтік өмір көріністеріне қалам тартты.

“Масақ жинаушылар” (1857 жыл), “Анжелюс” (1859 жыл) атты суреттерінде халықтың ауыр тұрмысын бейнелей отырып, табиғат пен адамның өзара байланысын көрсетті. 1850 – 60 жылдардағы еңбектерінде негізінен әлеуметтік көзқарас басым болды. Өмірінің соңғы жылдарында офорт және пастель техникасы негізінде көптеген шығармалар жазды.Қазақ энциклопедиясы, 6 том

Дереккөздер

Санат:4 қазанда туғандар Санат:1814 жылы туғандар Санат:Манш департаментінде туғандар Санат:20 қаңтарда қайтыс болғандар Санат:1875 жылы қайтыс болғандар Санат:Сена және Марна департаментінде қайтыс болғандар Санат:Бейнелеу өнері Ұлттық жоғарғы мектебі түлектері Санат:Құрмет легионы орденінің иегерлері Санат:XIX ғасыр суретшілері Санат:Франция суретшілері Санат:Франция суретші-пейзажистері Санат:Суретші-пастелистер Санат:Сена және Марна департаментінде жерленгендер