Алексей Ильич Бортников (25.2.1909, Қызылорда облысы Қармақшы кенті — 2.5.1989, Ресей, Санкт-Петербург) — суретші.

Алғашқы ұстаздары — Н.Г. Хлудов пен А.С. Пономарев. 1932 ж Одесса көркемөнер институтының сурет факультетін бітірген. Геологиялық экспедиция құрамында Бетпақдала мен Орталық Тянь-Шаньда болып, КСРО ҒА Геологиялық музейінің (Санкт-Петербург) тапсырмасы бойынша “Орталық Тянь-Шань тауларының панорамасын” және “Хан Тәңірі шыңын” бейнелеген. 1936 ж. Мәскеуде өткен Қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысқан. Бортников — бейнелеу өнеріндегі Қазақстан тарихына қатысты бірнеше туындылардың авторы “Жалау қасында тұрған қазақтың комсомол қызы” “Жазалаушы отряд” “Фурмановтың Верныйдағы көтерілісшілер митингісінде сөз сөйлеуі” “Ә. Молдағұлованың портреті”, т.б.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

Дереккөздер

Санат:25 ақпанда туғандар Санат:1909 жылы туғандар Санат:Қармақшы ауданында туғандар Санат:2 мамырда қайтыс болғандар Санат:1989 жылы қайтыс болғандар Санат:Санкт-Петербургте қайтыс болғандар Санат:Қазақстан суретшілері Санат:Ресей суретшілері Санат:Қазақстан орыстары