Шұға – Ертіс алабындағы ағынсыз көл.

Географиялық орны Абай облысының Жаңасемей ауданы аумағында. Теңіз деңгейінен 235,5 м биіктікте.

Аумағы Ауданы 11,2 км2, ұзындығы 5,2 км, ең енді жері 3,6 км, су жиналатын алабы 311 км2.

Жер бедері Көл қазаншұңқыры Шаған өзені алабындағы үстіртте. Солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс жағалары тілімделген, кей жерлерінде шайылған. Көлде 6 құм қайыры, 6 бұғаз бар. Жағалауын боз жусан, изен жайлаған, сирек ши кездеседі. Су айдыны өсімдіктерден таза. Түбі лайлы, қалыңдығы 0,4 м. Жауын-шашын суымен толығады. Көктемде деңгейі көтеріліп, жаз-күз айларында сабасына түседі. Құрғақ жылдары кеуіп, сорға айналады. Суы тұзды. Қарашаның соңында қатып, сәуірдің 2-жартысында мұзы түседі. Алабы – жайылым. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Жаңасемей ауданы көлдері Санат:Ертіс су алабы көлдері