Мысықоты, күнгелді () – сарғалдақтар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер.
Өсетін жері мен таралуы Қазақстанда қылқан жапырақты, жалпақ жапырақты және альпі, субальпі шалғындарында өсетін 3 түрі: Жоңғар мысықоты(Trollius dschungarіcus), Алтай мысықоты (Trollius altaіcus) және Азия мысықоты (Trollius asіatіcus) бар.
Ботаникалық сипаты Биіктігі 5 – 80 см, кейде 1 м-ге дейін жетеді. Сабағы тік өседі. Жапырағы саусақ салалы тілімденген. Гүлі ірі, қос жынысты, сары немесе сарғылт-қызыл түсті болады. Қосарланған гүлсерігі бар, ол көп тостағаншалардан (5-20) тұрады. Шырынды күлте жапырақтары да көп. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, жеміс салады. Жемісі жапырақ тәрізді, қара түсті тұқымы домалақ болады. Мысықоттың гүлдері әдемі болғандықтан, оны әсемдік үшін де өсіреді. Қазақ энциклопедиясы, 6 том
Дереккөздер
Санат:Сарғалдақтар тұқымдасы Санат:Қазақстан флорасы