Бестөбе — Қостанай облысы Қамысты ауданындағы ауыл, Бестөбе ауылдық әкімдігі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы — Қамысты ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 22 км жерде, Торғай үстіртінің солтүстік-батысындағы ұсақ төбелі бетегелі-селеулі дала белдемінде орналасқан.
Халқы 1999 жылы ауылдың тұрғындары 1127 адам (548 ер адам және 579 әйел адам) болса, 2009 жылы 841 адамды (409 ер адам және 432 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Тарихы Іргесі 1930 жылы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру кезінде қаланған. Кейін оның негізінде асыл тұқымды мал кеңшары қалыптасты. Мектеп, клуб, аурухана, машина–трактор жөндеу шеберханасы бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.«Қазақ Энциклопедиясы», II-томҚарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Қамысты ауданы елді мекендері