Қараадыр – Ақмола облысы Ақкөл ауданының оңтүстігіндегі тау. Ақкөл қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 35 км жерде, Талқара өзенінің сол жағалауында орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 384 м. Ұзындығы мен ені 1-2 км шамасында. Аласа келген тау жер бедерінен онша байқалмайды. Өзенге қараған батыс беткейі тіктеу келген. Шығыс және оңтүстік беткейлері батпақты.
Геологиялық құрылымы Аллювийлі және элювийлі-делювийлі шөгінділер жапқан жоғарғы девонның интрузивтерінен түзілген.
Өсімдігі Жайылманың шалғынды және даланың сортаңдау келген топырағында қызыл қау аралас астық тұқымдас шөптесіндер өскен. Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ақкөл ауданы таулары