Тереклі Мектеп (), - ауыл, Ресей Федерациясының Дағыстан республикасының Ноғай ауданының орталығы.
Халық саны — 7,3 мың адам (2002 жыл), негізінде ноғайлар (қараноғайлар). Ауыл Дағыстанның солтүстік-батыс бөлігінде, Ноғай даласының (ноғайша Ногай шоьли) ортасында орналасқан. Тереклі Мектеп пен Кизляр арасында аутомобил жол бар (Кизлярға дейін 75 шақырым).
1793 жылы Қараноғай приставствоның пайда болуымен, ауыл да құрылды. Бұл ауылдың 3 шақырым қашықтығында ескі ноғай Тереклі деген елді мекен орналасқан еді. Бұл жерде ағаштар (теректер) көп болғандықтан, жерін Тереклі деп атаған. Аңыз бойынша бір мұсылман ноғай ақсақал Меккеге кезекті қажылыққа баруының орнына, қаржысына мектеп ашқан еді. Тереклі Мектепте патша әкімшіліктің ресми өкілі - приставтың ордасы орналасқан еді. Пристав Ф.О. Капельгородский кезінде артезиан су құдығы қазылған еді, жеміс бағы отырғызған еді. Ел ішінде Тереклі Мектепті – Орыс Үйі (Орыс Уьий) деп атаған.
Ауылда ноғайдың калемерден, шежеуіт, қыпшақ, шәужейлі, тоғыншы, найман, шүрші, ас, қостамғалы, мойнапа руларының өкілдері тұрады.
Дереккөздер
Санат:Дағыстанның Ноғай ауданы елді мекендері Санат:Ноғайлар Санат:Дағыстан аудан орталықтары