«Манчестер Сити» () – Манчестер қаласының ағылшын футбол клубы. Клуб Ағылшын Премьер-лигасында өнер көрсетеді. 1880 жылы «Уэст Гортон Сент Маркс» (West Gorton Saint Marks) деген атпен құрылды. 1887 жылы атын «Ардуикке» ауыстырып, «Гайд Роуд» стадионына көшті. 1894 жылдан бастап клуб «Манчестер Сити» атымен ойнайды. Саны он рет Премьер-лига иегері, жеті рет Англия Кубогы, сегіз Лига Кубогы, алты FA Community Shields, бір рет УЕФА Чемпиондар лигасының иегері және бір Еуропа Кубогының Жеңімпаздары Кубогы бар бұл ағылшын футболындағы төртінші ең табысты клуб болып саналады.
«Манчестер Сити» Футбол лигасын 1892 жылы қосылды, ал 1904 жылы өзінің алғашқы ірі марапаты — Англия Кубогын жеңіп алды. Клуб 1960-шы жылдардың аяғы мен 1970-ші жылдардың басында Джо Мерсер мен Малкольм Эллисонның басшылығымен Лиганы, еуропалық чемпиондар Кубогының иегерлері Кубогын, Англия Кубогын және Лига Кубогын жеңіп алды. 1981 жылғы Англия Кубогының финалындағы жеңілістен кейін клуб 1998 жылы өз тарихында жалғыз рет ағылшын футболының үшінші эшелонына түсуімен аяқталған құлдырау кезеңінен өтті. Олар 2001/02 маусымда Жоғарғы дивизонға оралды және содан бері Премьер-Лигада қалды.
Өз тарихында клуб үш рет стадион ауыстырды: құрылғаннан бастап 1923 жылға дейін «Гард Роудте» ойнады, 1923 жылдан бастап 2003 жылға дейін – «Мейн Роуд» стадионында, ал қазіргі уақытта 2002 жылы салынған, 55097 көрермен сыйдыра алатын «Этихад» стадионында ойнайды. 2026 жылы «Этихад» стадионы 61038-ге дейін кеңейді.
XX ғасырда «Манчестер Сити» екі рет Англия чемпионы болды (1936/1937 және 1967/1968), бірақ 1990 жылдары «Манчестер Сити» үш жыл ішінде үш рет астыңғы дивизиондарға түсіп, 1998/99 үшінші дивизионда бір маусым ойнады. 2000 жылы клуб жоғарғы дивизонға оралып, Премьер-Лигада әлі күнге дейін өнер көрсетеді. 2008 жылы «Манчестер Ситиді» «Абу-Даби Юнайтед Групп» компаниясы иеленді, бұдан кейін клубқа көптеген инвестициялар ағымы келіп, жоғары төленетін ойыншыларды трансфер кезінде алуға мүмкіндік пайда болды. 2011 жылы клуб Англия Кубогын ұтты. Және де 2010/11 жылдың қорытындысы бойынша, «Сити» бірден УЕФА чемпиондар Лигасының топтық турнирінде ойнау құқығына ие болып, 1973 жылдан бері бірінші рет Англия Суперкубогы үшін ойынға қатысты. Бірақ 2011 жылы 7 тамызда «Уэмбли» стадионында Англия чемпиондары «Манчестер Юнайтед» клубынан 2:3 есебімен ұтылып қалды.http://www.radiomayak.ru/doc.html?id=275862
2012 жылы 13 мамырда, соңғы турда «Куинз Парк Рейндержске» қарсы драмалық ойында, қосымша төртінші минутта шешуші гол соғып, 3:2 есебімен ұтып, «Манчестер Сити» 44 жыл өткен соң Англия чемпионы атандыhttp://www.kommersant.ru/doc/1933200?NodesID=9. «Қалалықтар» ("The Citizens"(клубтың лақапаттарының бірі)) өздерінің қас жауларын «Манчестер Юнайтедті» тек доп соғу және өткізу айырмасынан ғана асып түсті. 2012 жылы 12 тамызда Англия Суперкубогына таласта «Манчестер Сити» лондондық «Челси» клубынан 3:2 есебімен басым түсіп, соңғы 40 жылда бірінші рет осы жүлдені ұттыhttp://www.vesti.ru/doc.html?id=877448.
2014 жылы 2 наурызда «Манчестер Сити» 38 жыл өткен соң алғашқы Футбол Лигасының Кубогын жеңіп алды.http://www.gazeta.ru/sport/2014/03/02/a_5932905.shtml
2014 жылы 11 мамырда Манчестер Сити Вест Хэм клубын 2:0 есебімен жеңіп, өзінің тарихындағы төртінші АПЛ жүлдесін жеңіп алды«Манчестер Сити» - Англия чемпионы! 12 мамыр 2014 14:33
http://prosports.kz/kz/news/34837.Манчестер Сити 2016 жылдың 15 мамыр күні өз тарихында алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының ширек-финалына жолдама алды.Ширек-финалда ПСЖ футбол клубымен кездесіп, Парижде тең ойын көрсетіп, өз алаңында 1:0 есебімен жеңіске жетіп, өз тарихында болмаған нәрсені жасады.Және бұнымен қоса, Англия футбол клубтары арасынан УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финалына шыққан 10-ыншы команда болды.Жалғыз голдың авторы — Кевин де Брюйне.Жартылай финалда Реал Мадрид футбол клубынан қонақта 1:0 есебімен жеңіліс тауып, финалға өте алмады.
Клуб 2008 жылы Абу-Даби Юнайтед Груп арқылы шейх Мансур бен Заид Әл Нахаянды қабылдағаннан кейін ойын қызметкерлеріне де, жабдықтарға да айтарлықтай қаржылық инвестициялар алды, 2011 жылы Англия Кубогын және 2012 жылы Премьер-Лиганы жеңіп алды, содан кейін 2014 жылы тағы бір чемпион атағын алды. Пеп Гвардиоланың басшылығымен «Сити» 2018 жылы Премьер-лигада жеңіске жетіп, бір маусымда 100 ұпай жинаған Премьер-лиганың жалғыз командасы болды. 2019 жылы олар төрт кубокты жеңіп алды, Англиядағы барлық ішкі кубоктардың бұрын-соңды болмаған сериясын аяқтап, ішкі треблді жеңіп алған алғашқы ағылшын ерлер командасы болды. Пеп Гвардиола дәуірінде Премьер-лиганың үшінші титулын жеңіп алумен қатар, «Сити» 2021 жылы Еуропа Чемпиондар Лигасының алғашқы финалына шықты, онда ол «Челсиден» жеңіліп қалды.
2019 жылы «Манчестер Сити» әлемдегі барлық футбол клубтары арасында табысы бойынша бесінші орынды иеленді. 2019 жылы Forbes клубты 2,7 миллиард долларға (2,06 миллиард фунт стерлинг) бағалады. Осылайша, Манчестер Сити әлемдегі ең бағалы спорт клубтарының тізімінде жиырма бесінші және ең құнды футбол клубтары тізімінде үшінші орында тұр. Клуб 2019 жылдың қараша айында құны 3,73 миллиард фунт стерлинг (4,8 АҚШ доллары) құрайтын Ұлыбританияда орналасқан City Football Group Limited холдинг-компаниясына тиесілі.
2023 жылы "қалалықтар" өз тарихында алғаш рет УЕФА Чемпиондар Лигасының жеңімпазы атанып, «Интер» финалдық матчында 1:0 есебімен жеңіске жетті. Сонымен қатар, клуб өз тарихында алғаш рет «требл» деп аталатын — бір маусымда 3 кубокты (АПЛ + КА + ЛЧ) рәсімдеді және тарихта осындай жетістікке жеткен екінші ағылшын командасы болды (біріншісі 1998/99 маусымында »Манчестер Юнайтед» болды). «Манчестер Сити» 2023/24 маусымында 1992 жылдан бастап есептегенде, Англия футболының тарихында алғаш рет қатарынан төртінші рет Англия Премьер-Лигасын жеңіп алған алғашқы клуб болды. Осыған дейін «Манчестер Юнайтед» тек қана үш рет қатарынан жеңімпаз атанған болатын.
«Манчестер Ситидің» бас бапкері - Энцо Мареска. Ол бұл қызметке 2026 жылдың 29 маусымында тағайындалды, ол 2025/26 жылғы Премьер-лига маусымының соңында қызметінен кеткен Пеп Гвардиоланың орнына келдіhttps://www.skysports.com/football/news/11679/13548773/enzo-maresca-man-city-appoint-former-chelsea-head-coach-as-pep-guardiolas-successor-at-etihad-stadium.
ХІХ ғасыр
«Cент-Маркс» немесе «Вест Гортон»
«Манчестер Сити» деген қазіргі кездегі алпауыт клубты құрған тұлға 1855 жылы дүниеге келді. Анна Коннелл — Харрогиттегі Артур Коннелл атты дінбасының қызы болған. Оның әкесі 1865 жылы Вест Гортондағы ағылшындық Киелі Марк шіркеуінің ректор қызметкері болды.
Анна сол жылдары әкесінің жағдайын қарап, қолдап тұрды.Вест Гортон тұрғындары кейін спирттік ішімдіктер мен шылымдар қолданатын болған. Анна Коннелл барлығының басын қосатын жеңіл жолдарды іздеді.Сонысымен, 1880 жылдың қарашасында Анна Коннелл екі шіркеудің дінбасыларымен бас қосып, бұнымен қоса металлургиялың зауыт кеңесімен бас қоса отырып, Брукс, Уильям Бистоу және Томас Гудбэер атты жұмысшыларымен көптеген спорттық клубтар ойлап табады.Бұлардың 1875 жылғы Киелі Марк шіркеуінің крикет бойынша үш спортшысы — Уилтер Чоу, Эдвард Китчен және жаңағы Уильям Бистоу — крикет ойынын тастап, футболшы атанды.Манчестер архидъяконы Анна Коннелдің жұмысына жақсы көңіл бөліп, оған болашақ жұмысына сәттілік тілеп, көмек көрсетті. 1880 жылы қарашада Анна Коннелл, Бистоу және Гудбэер бірігіп «Сент-Маркс» немесе «Вест Гортон» деп футбол клубын құрды. p17 Артур Коннелл, қара жейде және ақ шортымен ойнаған алғашқы президент атанды.Ең алғашқы ресми ойын, Максфилд шіркеуін командасымен болды, бұл ойында «Сент-Маркс» 1:2 есебімен жеңіліс тапты. «Сент-Маркс» бұл маусымда тек бір рет қана жеңді. Бұл жағдай 1881 жылдың наурызында, шығыс Манчестерде орналасқан — «Сталибридж Кларенске» қарсы ойында болды.
«Ардвик» 1884 жылы Гортон қауымдастығының шешімімен, клубтың атауын өзгерту қолға алынды. Сол кезде Уильям Бистоу, клубтың жейдесін өзгертуді ұсынып, өз жейдесін ойлап тапты. Жейде — қара және ол жейдеде ақ крест бейнеленді. 1887 жылы клуб — «Гайд Роуд» атты ойын алаңына ауысты. Бұнымен қоса, атауын — «Ардвик» деп өзгертті. Екі жылдан кейін, «Гайд Роуд» сыйымдылығы 1000 көрермендікке жетті. 1891 жылы, команда Альянс Лигада өнер көрсете бастап, екі жыл қатарынан чемпион атанды. 1892 жылы клуб, екінші дивизион болып саналатын, Англия Футбол Лигасында өнер көрсете бастады. 1892/93 маусымында «Ардвик» 5-інші орынды иеленді.
Келесі маусымда, қазіргі «Манчестер Юнайтед» деп аталатын, кезіндегі «Ньютон-Хит» екінші дивизонға, әрине, Англия Футбол Лигасына келді. Бұнымен қоса, бұл маусымда, «Ардвикке» басты қарсылас табылды. Сол кезде «Ардвик» менеджері Джошуа Парби, клубтың атауын өзгертуді ұсынды. Комитет бұл ұсынысты қабылдап, «Манчестер Сити» 1894 жылдан қазіргі кезге дейін әлі өзгертілмей келеді.
ХХ ғасырдың басы «Манчестер Сити» Бес жыл өте, «Манчестер Сити», бірінші дивизонда өнер көрсете бастады. Тағы бес жыл өте, 1904 жылы, алғашы кубогын жеңіп алды — Англия Кубогы. Бұл жарыстың үздік ойыншысы болып — Билли Мередит. атанды. Өйткені ол финалдағы жалғыз голдың авторы.Бұл кубок оңай жолмен келмеді: 1904 жылдың 6 ақпанында, 1/16 финалында «Сандерлендті» ауыр күшпен жеңді. Одан кейін, «Вулидж Арсеналды» екі доп айырмасымен жеңіп артта қалдырды. Содан соң қарсылас болып, «Мидлсбро» келді. Бірақ «Сити» бұл қарсыласымен тең ойын көрсетіп, 9 наурызда қайта ойнап 3:1 есебімен екінші ойында жеңе алды. Он күннен «Гудисон Паркта» «Уэнсдейді» қабылдап, 3:0 есебімен жеңді. Финалда «Болтон Уондерерспен» кездесіп, осылай кубок иегері атанған болатын.
1904/05 маусымында соңғы тур басталмай тұрып, «Ньюкасл Юнайтедпен» бірдей ұпаймен жарысып тұрды. Бірақ соңғы турда «Астон Виллаға» жол беріп, үшінші орынға түсіп қалды. Ойыннан соң «Астон Вилла» ойыншысы Алек Ликтің айтуынша, Билли Мередит оған £10 төлеуін сұрған, одан соң Комитеттің шешімімен Билли Мередит кінәлі деп танылып, бір жылға ойыннан шектелді. Байымдауынша, «Манчестер Сити» әр ойыншыға £4 төлеп отырған, және клубта бұл ісі үшін айыппұл алды. Билли Мередит кейін ақталып, өз пікірін білдірді:«Манчестер Ситидің» құпиялығы неде? Бұны мен жәй ғана ереже бұзушылық деп санаймын, 4 фунт стерлингті бізде ешқандай ойыншы алмайды.»© Билли МередитҚауымдастық клубқа тексеріс жүргізіп, клубтан қаржылай ереже бұзушылық тапты. «Манчестер Ситидің» бас бапкері Том Мейли өмір бойына футболдағы қызметтерден шеттетілді, ал «Ситиге» £900http://www.historicalkits.co.uk/Manchester_City/Manchester_City.htm көлемінде айыппұл салынды. Және де «Ситидің» бірдей 17 футболшысы 1907 жылдың қаңтарына дейін футболдан шеттетілді. Сосын, «Сити» айыппұлдан толықтай құтылу үшін өз ойыншыларын сатуға тура келді. Осы мүмкіндікті пайдаланып, «Манчестер Юнайтед» менеджері Эрнест Мангнэлл £500-ге Билли Мередитті және де онымен қоса Герберт Берджесс, Сэнди Тернбулл, Джимми Бэннистерді сатып алды. 1907/08 маусымында «Манчестер Юнайтед» осы ойыншылардың арқасында ел біріншілігін жеңіп алды.
1920 жылы «Манчестер Сити» ойын алаңына Георг V қонақ болды. Бұл жағдай «Сити» ойын алаңын Лондонда орналаспаған, Георг V қонақ болған алғашқы ойын алаңы болды. Осы жылы қарашада «Сити» үшін қайғылы оқиға болды, 1920 жылы қарашада «Гайд Роудтың» басты трибунасы өртке оранып, құрып кетті. «Манчестер Сити» басшылары кейін жаңа ойын алаңын іздеуге көшті. Басында «Манчестер Юнайтедтің» ойын алыңы «Олд Траффордты» жалдап алғысы келді, бірақ «Юнайтед» «Олд Траффорд» үшін көптеген ақша сұрап, бұл ақшаны «Манчестер Ситидің» қалтасы көтермегендіктен жалға алудан бас тарттыJames, Manchester: The Greatest City, p480. Кейін амал болмағандықтан, «Сити» өзінің ойын алаңында, жөнделіп ештеңеге жарамай тұрғанына қарамастан үш жыл бойы осы алаңда ойнауға тура келді.James, Manchester: The Greatest City, p104 1923/24 жылдары «Сити» «Мейн Роуд» алаңында ойнай бастады, ал «Гайд Роуд» алаңын бөлшектеп сатып жіберді.Clayton, Everything under the blue moon, p107