Сэнди Хук мектебіндегі атыс — 2012 жылдың 14 желтоқсанында Коннектикут штатының Ньютаун қаласындағы Сэнди Хук бастауыш мектебінде болған қанды оқиға. Атыс нәтижесінде 28 адам қаза табылды (өзін атып тастаған өлтірушіні қоса).
Оқиғаның барысы Сэнди Хук бастауыш мектебінде қанды атысты бастамас бұрын, Адам Ланза сол мектепте мұғалім болып жұмыс істеген 52 жастағы өз анасын Нэнси Ланзаны өлтіріп тастайды. Кейін анасының машинасына отырып, екі тапаншамен (Glock 9 мм және 22 калибрлі SIG Sauer) және жартылай автоматты пулеметпенен (.223 калибрлі Bushmaster) мектепке бет бұрды.
Жергілікті сағат таңғы 9, ол ішінде шамамен 600 адам болған мектептің алдына автомобильмен келді. Ғимарат кіреберісінде оған видеокамерамен жабдықталған домофонды қолданылуға тұра келді, бірақ оны 47 жастағы мектеп директоры Дон Хочспранг (Dawn Lafferty Hochsprung) кіруге рұқсат берген жоқ, сондықтан Адам мектепке кіру үшін, терезеге бірнеше рет оқ атқан. Ғимаратқа кіргеннен кейін ол басына қара масканы киіп, 5-6 жастағы балалар болған сыныпқа кіреді, бірде бір сөз айтпай, атуды бастады. Кейін мұғалімдер мен оқушылар отырған көршілес кабинетке бет бұрды.
Екі сыныпта болған атыс кезінде 20 бала (олардың 18-і оқиға орнында жан тапсырды, ал 2-і ауруханада) мен 6 ересек адам құрбан болды. Сонымен қатар қылмыскердің құрбандарының ішінде мектеп директоры мен 56 жастағы Мери Шерлач мектеп психологы бар. Құрбандарының көбісі 5 және 6 жастағы мектеп оқушылары.
Атыс құрбандары thumb|right|Барака Обаманың үндеуі Қылмыскердің алғашқы құрбаны: Нэнси Лэнза (52 жас)Matt Flegenheimer, Ravi Somaiya, Profile of Nancy Lanza, mother of Conn. school gunman // The New York Times, 12/15/2012 03:06 PM MST: «Nancy Lanza was the first victim in a massacre… Nancy Lanza, 52…»
Мектепте құрбан болған адамдар: ЕресектерConnecticut Elementary School Shooting Victims: 'Hero' Teacher, Principal, 20 Kids Connecticut School Shooting: Complete List of Victims’ Names // ABC News, Dec 15, 2012 4:06pmConnecticut school shooting victims named // CBC News, Dec 15, 2012 4:37 PM
Рейчел Девино, 29 Dawn Lafferty Hocksprung (Дон Хочспранг), 47 жас — мектеп директоры Анна Мария Мёрфи, 52 — мұғалім Лорен Рассоу, 30 — мұғалім Mary Sherlach (Мери Шерлач), 56 жас — мектеп психологі Victoria Soto (Виктория Сото), 27 жас — бірінші сынып мұғалімі
20 мектеп оқушыларыCT State Police Release Names Of Victims In School Shooting Massacre // CBS Boston, желтоқсан 15, 2012 4:08 PM Шарлотта Бэкон (6 жас) Даниэль Барден (7 жас) Оливия Энгель (6 жас) Жозефина Гэй (7 жас) Ана Маркес-Грин (6 жас) Дилан Хакли (6 жас) Мэдлин Хсу (6 жас) Екатерина Хаббард (6 жас) Чэйс Ковальский (7 жас) Джесси Льюис (6 жас) Джеймс Маттиоли (6 жас) Грейс МакДоннел (6 жас) Эмили Паркер (6 жас) Джек Пинто (6 жас) Ной Понзе (6 жас) Кэролайн Превиди (6 жас) Джессика Рекос (6 жас) Авиелла Ричман (6 жас) Бенджамин Уилером (6 жас) Элисон Вьят (6 жас)
Адам Лэнзаның (20 жас) мәйіті полиция келгеннен кейін мектеп сыныптарының бірінде табылды.
Дереккөздер
Санат:2012 жыл Санат:АҚШ