Азғыр — Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Азғыр ауылдық округінің құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Облыс орталығынан 600 шақырым, аудан орталығы Құрманғазы селосынан 310 шақырым, округ орталығы Балқұдықтан 30 шақырым жерде теңіз деңгейінен 13 м биіктікте, құм төбелер арасында орналасқан. 1924 -1930 жылдары Азғыр аудан орталығы болса, одан кейін қой өсіретін ферма орталығына айналды.

Тарихы 1928-1930 жж. арасында Азғыр Орал округінің Азғыр ауданының орталығы болды. Ертедегі атауы Арзагер немесе Бесшоқы, Азғыр аталудың бастауы төңкерістен кейінгі кезеңге келеді. Бұл ең ірі ішкі қырғыз-қайсақ ордасының «қалмақ қисымының» жері. Әкімшілігі Торғайда орналасқан. Ағылшындардың тұз шахталары жұмыс жасаған.Киелі мекен, қасиетті өлке -Құрманғазы. Ағатай баспасы, Атырау-1920 ж. ISBN 978-601-7861-86-5 1918 жылы комиссар Бисен Жәнекешовтың ауылды ақтардан тазартудағы алғашқы шабуылы сәтсіз аяқталып, күш жинап, қайта шабуылдап жеңіске жетіп, тұрғындармен кездесу жиынында: «Қалыптарың қисық, ұстанымдарың теріс, жаман, азған ауылсыңдар» дегені де осы жердің Азғыр атануына себепші болды дейтіндер жоқ емес.Өмірзақ Қажымғалиұлы «Азғырды Аққалаға айналдырсақ...» «Атырау» газеті. 22. 05. 2020 ж. №: 42

"Азғыр" ядролық полигоны

Азғыр ядролық полигоны (әскери шартты аты «Галит») – бұрынғы КСРО Қорғаныс министрлігі мен Атом өнеркәсібі министрлігі және Бүкілодақтық эксперименттік физика ғылыми-зерттеулер институты («Арзамас-16») мамандарының басқаруымен ядролық жарылыстар сыналған құпия сынақ аймағы.

Халық саны 1989 жылы елді мекенде 647 адам тұрған.1989 жылғы Қазақ КСР бойынша Бүкілодақтық халық санағының қорытындылары. 3 том 1999 жылы ауылдың халқы 601 адамға тең болды (316 ер және 285 әйел адам). 2009 жылға қарай ауыл халық саны 580 адамға азайған (290 ер және 290 әйел адам).

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 365 адамды (191 ер адам және 174 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Әлеуметтік және мәдени нысандары Мектептер Азғыр негізгі мектебі — 1924 жылы ашылған. Алғашқыда бастауыш мектеп, кейін Киров атындағы орта мектеп, 1961-1999 ж. орталау, 1999 жылдан Азғыр орта мектебі болып аталды. 2014 жылдан бастап Азғыр негізгі орта мектебі болып құрылды.Құрманғазы ауданы. Шежіре. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2008. ISBN 9965-17-535-7

Елді мекендегі көшелер Әйтеке би көшесі Ғарифолла Құрманғалиев көшесі Қазыбек би көшесі

Дереккөздер

Санат:Құрманғазы ауданы елді мекендері