Қазақстан жастар ақпарат қызметі - қоғамдық қор, Қазақстанның дамуы мен гүлденуіне өздерінің білімін, күш-жігерін, ақыл-ойын, қосқысы келетін белсенді жастардың басын қосқан коммерциялық емес ұйым.

«Қазақстан жастар ақпарат қызметі» қоғамдық қоры өз жұмысын 1998 жылы шілде айында Алматы қаласында жоғары оқу орын студенттерінен құрылған Қазақстанның жас азаматтары тобының ұйытқысымен құрылған.

Қор Қазақстанның 12 қаласында филиалдар мен өкілдіктеге ие: Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Көкшетау, Семей, Өскемен, Тараз, Орал, Шымкент.

Мақсаты Оқыту, ақпаратпен алмасуды кеңейту және жастар қауымдастықтары және жастар арасында ынтымақтастық орнату арқасында, сондай-ақ оларды әлеуметтік пайдалы жұмысқа қызықтыру арқылы Қазақстан жастарының азаматтық белсенділігін дамыту.

Ұйым философиясы Қазақстан жастар ақпарат қызметі ойынызша "ұлт дамуының ресурстарын жұмылдыру бірінші кезекте жастар саясаты жүйесін құру арқылы жүзеге асуы мүмкін, бұл өз кезегінде Қазақстанның бүкіл адамдар ресурстарын мемлекет дамуына ивестициялауға жол ашады. Кез келген азамат өз тәжірибесін, білімін, энергиясын, идеяларын Қазақстанның дамуына үлесін қосу үшін, мемлекеттің әлеуметтік секторында ішкі инвестициялау механизмдерін құру керек. Бүгінде, жаңа дәуір талаптарына сай әлеуметтік менеджерлерді тәрбиелеу үшін, бізге өз тәрбиелеу, дамыту және өрлету жүйемізді құру қажет".

Жұмыстың басты бағыттары Әлеуметтік жобалар: Эдвокаси науқандары, Лоббилендіру, Азаматтық білім, Қайырымдылық.

Ақпараттық бағдарламалар: Медиа-мониторингтер, Дерекқор құру және қызмет көрсету, Рейтингтер жүргізу| ЖОО рейтингі , Жастар БАҚ және веб-сайттар.

Білім беруге бағыттылған бағдарламалар: Оқыту семинарлары, Жаттығулар және мастер-класстар, Жаттықтыру сабақтары және мектептер.

Жастарға арналған шаралар: Дөңгелек үстел, Форумдар және талқылаулар, Акциялар және науқандар, Зерттеулер және сараптамаҚазҰҮ және ҚЖАҚ студентердің пікірін сұрады .

Біздің жобалар

Жас сайлаушылар одағы Жоба жас сайлаушыларды сайлау туралы ақпараттандыру, өз сайлау құқықтарын оқыту және қорғауға бағытталған. Жоба Қазақстан Республикасында сайлау науқаны кезінде жұмыс істейді. | Жас сайлаушылар одағы

Азаматтық білім мектебі Танымал Қазақстандық саясаткерлер, саясаттанушылар, тілшілер, экономистер, мәдениет және білім қайраткерлері дәріс сабақтарын беретін бірегей алаң. Курс ұзақтығы 1 ай. | Азаматтық білім мектебі

Студенттердің өзін-өзі басқару жүйесін дамыту Студенттердің өзін- өзі басқару жүйесінің тәуелсіз органдарын дамыту мен нығайтуға ат салысу, құқық қорғау және ұйымдық даму саласында машықтарын жақсарту.

Үйдегі кештер Жанұя, достық және үй қажет ететін балалар үйіндегі балаларды әлеуметтендіру. Оларды киіммен, кеңсе тауарларымен, ойыншықтармен қамтамасыз ету достар жиындарын және кино сеанстарын өткізу.

Қазақстандық машықтану бағдарламасы Жоғарғы оқу орны түлектері және танымал мамандық иелері болып келетін студенттерді ірі компанияларға байқау негізінде жұмысқа орналастыру.

ZhasCamp жастар [емес]конференциясы Жылда өтетін, Қазақстанның жас көшбасшылары мен жастар ұйымдарын дамытуға арналған ақпараттық білім беруге бағытталған шараЖастар.

Дереккөздер

Санат:Жастар ұйымы