Арабша Уикипедия ( Арабша Уикипедия немесе Уикипедия — ашық энциклопедия) — Уикипедияның араб тіліндегі бөлімі. Араб Уикипедиясы латын әліппесін қолданбайтын бөлімдерінің ең үлкендерінің бірі.
2012 жылдың желтоқсан айының басында Арабша Уикипедия тілдік бөлімдердің арасында 24-ші орында, ал тереңдігі бойынша 100 000 мақаладан асқан бөлімдердің арасында екінші орында тұрды. Бұл көрсеткішпен Арабша Уикипедия тек ағылшынша Уикипедия мен иврит тіліндегі Уикипедиядан төмен тұрдыS23 wikistats — List of wikipedias .
Alexa.com-ның статистикасы бойынша Арабша Уикипедия сайттың қонақтары саны бойынша Уикипедия бөлімдерінің арасында 11-ші орынды алып, қытайша және полякша Уикипедиядан кейінгі сатыға жайғасты (wikipedia.org сайтына кірушілердің 0,74%Alexa.com статистикасы — wikipedia.org ).
Араб уикипедиясының түрі басқа Уикпедиялардан өзгешеленеді, себебі араб тілінде жазу оңнан солға болғасын, ол «кәдімгі» қалыптың қарама-қарсы түрі боп келеді. Сонымен қатар Арабша Уикипедияда фон суреті ретінде кітап емес, арабеска қолданылады (суреті).
2008 жылдың 2 сәуірінде Уикипедияда араб тілінің диалекті — мысыр-араб тілінде Мысыр-арабша Уикипедия пайда болды.
Дереккөздер
Санат:Уикипедия бөлімдері Санат:Араб тілі