Бурж әл-Араб (, Араб мұнарасы) — Біріккен Араб Әмірлігінің ең үлкен қаласы Дубайдағы керемет қонақ үй. 321 метрлік мұнара Джумейра жағалауынан 280 м арақашықтықта көпірмен байланысқан жасанды аралда орналасқан. Ғимараттың пішіні қайық желкеніне ұқсайды. Бурж әл-Арабты кейде «әлемдегі жалғыз Жеті жұлдызды қонақ үй» деп те атайды.
Жобасы мен құрылысы Бурж әл-Арабты сәулетші Том Райт жобалады. Жобалау мен құрылыс жұмыстарын канадалық инженер Григория Рик басқарды. Арал құрылысы 1994 ж басталды. Ғимарат араб қайығы доудың желкеніне ұқсас түрде соғылды. Екі "қанат" V пішіндес матчта арқылы жабылды, ал оның ішінен үлкен атриум пайда болды.
Жобаның сәулетшісі мен инженер кеңесшісі Аткинс компаниясынан болды. Құрылыс алдындағы жұмыс пен құрылыс кезіндегі жұмысты бірге атқарған бас серіктес Жаңа Зеландиялық Fletcher Construction кәсіпорны болды. Қонақ үй құрылысын Оңтүстік Африкалық мердігер компания Murray & Roberts және Al Habtoor Engineering жүргізді.
Ғимарат 1999 жылы желтоқсанда ашылды.
Қонақ үйдің ерекшеліктері
Қонақ үйдің кейбір ерекшеліктері күрделі батыл инженерлік шешімдердің табуы. Қонақ үй жағалаудан 280 метр қашықтықта жасанды аралда орналасты. Іргесі мықты болу үшін тереңдігі қырық метр құрайтын 230 қада құмға қағылды.
Инженерлер арнайы эрозиядан қорғайтын төртбұрышты араның ұясына ұқсас тастар ойлап тапты. Олар болашақ аралдың іргесі болды. Жасанды аралды жасау үшін үш жыл кетті. Қонақ үй құрылысына да осындай уақыт кетті. Ғимараттағы бетонның көлемі 70,000 м³, болаттың салмағы 9 000 тонна құрады.
Ғимарат ішіндегі атриум биікітігі 180 метрге дейін жетті.
Бурж әл-Араб биіктігі жағынан әлемде төртінші орын алады. Тағы бір Дубайда орналасқан Раушан қонақ үйі Бурж әл-Арабтан 11 м биік.
Апартаменттері мен номерлері Қонақ үйді Jumeirah Group басқарады. Өзінің көлеміне қарамастан Бурж әл-Арабта тек 202 қонақ үй номерлері бар. Ең кіші бөлме ауданы 169 м², ал үлкені 780 м² ауданды алып жатыр. Бөлмелер қарама қарсы шығыс пен батыста орналасқан. Барлық бөлмелерде теңізге көрініс ашатын үлкен терезелері болды.Damluji, Salma Samar, The Architecture of the U.A.E.. Reading, UK: 2006.
Патша бөлмесіндегі бір күндік түнеудің бағасы 18,716 долларды құрап отыр. 2012 жылғы CNN Go-дің жасаған сарабы бойынша Әлемдегі қонақ үй номерлері ең қымбат 15 мейманхананың 12 орнын алды.Arnold, Helen "World's 15 most expensive hotel suites" CNN Go. 25 March 2012. Retrieved 2012-04-11
Мейрамханалар thumb|left|Әл-Мунтаха thumb|right|Әл-Махара
Әл-Мунтаха (арабша "ең биік") Парсы шығанағынан Дубайға тамаша көрініс ашылатын 200 метр биіктікте орналасқан мейрамхана. Ол консольды арқалық арқылы ғимараттан 27 метрге дейін шығып тұрады. Оған панорамды лифт арқылы көтерілуге болады.
Сүңгуір қайық секілді кемемен тағы Әл-Махара (устрица) мейрамханасына жетуге болады. Мұнда 990,000 л теңіз суын сыйдыра алатын аквариум бар. Судың қысымын ұстап тұру үшін бакты акрилді әйнектен жасаған. Оның қалыңдығы 18 см.
Рейтингі Мейманхана Бес Жұлдызды Делюкс ретінде ресми түрде мойындалады. Бірақ та кейде оны "әлемдегі жалғыз Жеті Жұлдызды қонақ үй" ретінде сипаттайды. Қонақ үй басшылығы мұндай титулды өзіміз ешқашан шығарған жоқпыз дейді. Jumeirah тобының ойы бойынша алдын-ала ашылу рәсіміне қатысқан британдық журналист осы атақты қойды деп ойлайды. Ол өзінің Бурж әл-Араб мақаласында "Жоғарыда айтып өткендей мен мұндай қонақ үйді көрген емеспін және бұл Жеті Жұлдызды қонақ үй деп аталады" деп сипаттаған.
Әдебиет Стив Роуз. "Құм және Еркіндік", The Guardian, 28 қараша, 2005. National Geographic Television. National Geographic: Megastructures, retrieved 27 қазан 2006.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Бурж әл-Арабтың ресми сайты Skyscraper Center бетіндегі Бурж әл-Араб қонақ үйі Бурж әл-Араб қонақ үйінің құрылысы мен құрылымы Қонақ үйдің сәулетшісі Том Райттың ресми веб сайты
Санат:БАӘ қонақ үйлері Санат:Аса биік құрылыстар Санат:Дубайдағы көк тіреген ғимараттар Санат:1999 жыл