Бисёнэн ( — әдемі бала) — мінсіз әдемі жас баланы білдіретін жапон сөзі. Жапониядан тыс жерлерде отакулармен (аниме мен манга табынушылары) аниме мен мангадағы ер кейіпкерлердің стереотипті үлгісін атау үшін қолданылады. Көбінесе сёдзё, сёнэн-ай және яой жанрларында қолданылады.

Бисёнэн сипатына сай келетін кейіпкер әдеттегіде жас, нәзік әдемілігі бар, бұлшықеттері дұрыс білінбейді. Көбінесе көңіл аударылатын және пайдасыз сыпайы киім киеді, ерекше түсті шашы бар. Шығарманың сюжетіне байланысты бисёнэннің мінез-құлқы әртүрлі болуы мүмкін.

Жапониядағы әдемілік туралы рекше түсініктерге байланысты бисёнэннің стереотипі жапон қыздарының арасында кеңінен таралған.

Дереккөздер

Санат:Жапон бұқаралық мәдениеті Санат:Аниме және манга терминдері мен түсініктері Санат:Аниме және манга кейіпкерлері Санат:Жапон талғамы