Ерлан Құжиманов (1969 жыл, Шығыс Қазақстан облысы, Ақсуат ауданы, Социал ауылы) - әнші.

Білімі 1994 жылы Қарағанды педагогикалық институтын; 2004 жылы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірді.

Еңбек жолы Қазір Қарағанды облыстық Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің әншісі."Қазақтың дәстүрлі 1000 әні", EL production company, Co.Ltd 2010 Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктегі 1995 жылы құрылған ұжым - «Әуен» ансамблінің орындаушысы.

Марапаттары 1997 жылы Ш. Қалдаяқов атындағы II Халықаралық конкурстың лауреаты атағына ие болды. 1999 жылы ол «Шабыт» Республикалық жастар шығармашылығы фестивалінде бас жүлдеге ие болып, Президент стипендиаты болды.

Дереккөздер

Санат:Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті түлектері Санат:Еуразия ұлттық университеті түлектері Санат:Шәмші Қалдыаяқов атындағы халықаралық байқауының жеңімпаздары Санат:Шабыт жастар шығармашылығы байқауы жеңімпаздары