Михаил Егорович ДовжикҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987. - Социалистік Еңбек Ері (1972), тыңгер механизатор, ауыл шаруашылығы озаты, ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты(1975). 19 қыркүйекте 1928 жылы Украинада, Запорожье облысы, Акимов ауданы, Шелюг селосында туған.

Еңбек жолдары 1954 жылдан Целиноград облысында(қазіргі Ақмола облысы) трактор бригадасының бригадирі болып істеді. Тыңдағы шаруашылықтарда еңбекке коммунистік көзқарас қозғалысын, Қазақстан диқандары арасында әр гектардың тиімділігн арттыру жолындағы социалистік жарысты бастаушылардың бірі болды. 6-сайлауда - КСРО Жоғарғы Советінің депутаты. 9-10-сайлауда - ҚазССР Жоғарғы Советінің депутаты. 1971-1976 жылдары - Қазақстан Компартиясы ОК-інің мүшесі.

Наградалары 2 рет Ленин ордені Октябрь революциясы ордені Еңбек Қызыл Ту ордені Социалистік Еңбек Ері (1972) ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты(1975) Медальдар

Дереккөздер

Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары