Cалиха Оңғарбаева(1899-1958)ҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987.- Қазақстандағы стахановшылар қозғалысының бастаушысы, сауыншы-жаңашыл. 5 маусым 1899 жылы, Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Ақсу ауданында туған.

Еңбек жолдары 1921-1931 жылдары Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Қаратал ауданы, "Көкарық" артелінде сауыншы болады. 1932-1936 жылдары Қоғалы ауданы, "Киров" ет-сүт совхозында сауыншы, ал 1937-1938 жылдары ферма меңгерушісі, 1939-1951 жылдары совхоз директорының орынбасары болып, 1951-1953 жылдары совхоз сүт лабораториясын басқарады. Ол жылына әр қазақи сиырдан 3591 л. сүт сауып, озат сауыншы атанды. Бүкілодақтық стахановшы-малшылар кеңесіне қатысты. Солтүстік Кавказ сауыншыларын социалистік жарысқа шақырып, Қазақстан делегациясы құрамында Солтүстік Кавказға барып, шарт жасасқан.

Жетістігі 1936 жылы Советтердің Бүкілодақтық төтенше 8-съезіне қатысты. КСРО Конституциясы тексін әзірлеу жөніндегі Редакциялық комиссияның мүшелігіне сайланды. 1-2 сайлауларда КСРО Жоғарғы Советінің депутаты болды.

Наградалары Еңбек Қызыл Ту ордені "Құрмет Белгісі" ордені Медальдар

Дереккөздер

Санат:Социалистік еңбек ерлері