Яуда Мұсағалиев (1 қаңтар 1928, Алғыр ауылы, Батыс Қазақстан облысы – 30 қараша 2000, Қарағанды) Социалистік Еңбек Ері (1971), өнеркәсіп өндірісінің озаты.
Еңбек жолдары 1945-1948 жылдары - Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы, А.А.Жданов атындағы колхозда колхозшы. 1948-1960 жылдары - Қарағанды көмір өндірістік бірлестігінің №64/83 шахтасында үйінді қопарғыш, люкші, электровоз машинисі, электр слесарь, көмір комбайны машинисі. 1956 жылы - КПСС мүшесі. 1960-1971 жылдары - №23 шахтада көмір комбайны машинисі, комплексті бригада бригадирі. 1974-1980 жылдары - "Михайловская" шахтасы комплексі бригадасының бригадирі, тазалау забойында кен жұмысшысы, электр слесарь. 1980 жылы - Т.Күзембаев атындағы шахтада электр слесарь.
Жетістігі 9 - сайлауда КСРО Жоғарғы Советінің депутаты болды. Қазақстан КОКП ОК-інің мүшесі (1971-1976). Өнеркәсіп өндірісінің озаты.
Марапаттары Ленин ордені Еңбек Қызыл Ту ордені Социалистік Еңбек Ері (1971) МедальдарҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987.
Дереккөздер
Санат:1928 жылы туғандар Санат:Социалистік еңбек ерлері Санат:Батыс Қазақстан облысында туғандар