Қалбатау (2007 жылдың 8 қарашасына дейін – Георгиевка)Шығыс Қазақстан облысы Жарма, Үржар, Бесқарағай, Ұлан аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылыстарына өзгерістер енгізу туралы — Абай облысы Жарма ауданындағы ауыл, аудан және Қалбатау ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Облыс орталығы - Семей қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 152 км-дей, Шар өзенінен батысқа қарай 5 км, Жаңғызтөбе темір жол стансасынан 35 км жерде орналасқан.
+ Халқының саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен11986 10214 10753 105,3 4939 5396 109,3 5275 5357 101,6
Тарихы Іргесін 1893 жылы Украинаның Таврия губерниясынан қоныс аударған шаруалар қалады. 1928 жылдан аудан орталығына, 1937 жылдан мал азығын өндіру, бордақылау жөніндегі “Георгиевский” кеңшарының, 1951 жылдан бастап “Рассвет” сүт өндіру ұжымшарының орталығына айналды. Мұнда Жарма ауданы асыл тұқымды мал стансасы мен базасы, орман шаруашылығының кәсіпорны орналасқан. Олардың негізінде шаруа (фермер) қожалықтары мен өндірістік кооперативтер құрылды. Қалбатауда машина-трактор жөндеу шеберханасы, нан зауыты жұмыс істейді.
Инфрақұрылымы Мектептер, ауданы аурухана, мәдениет үйі, т.б. мекемелер бар. Ауыл арқылы республикалық маңызы бар Семей—Зайсан және Алматы — Өскемен автомобиль жолы өтеді. Ауылдың оңтүстік-шығысында 12 км жердегі Арасан көлінің шипалы суы мен балшығы тері ауруларын емдеуге пайдаланылады.
Дереккөздер
Санат:Жарма ауданы елді мекендері