Новоникольское — Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы ауыл, Новоникольский ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Бескөл ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 36 км-дей жерде, Есіл өзенінің сол жағасындағы шоқ қайыңды далалық өңірде орналасқан.
Тарихы Іргесі шамамен 1825 жылы қаланған. 1930 – 1997 жылдары кеңшар орталығы болған. Оның негізінде астық өндірумен айналысатын шаруа қожалықтары құрылды.
Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1233 адам (582 ер адам және 651 әйел адам) болса, 2009 жылы 1248 адамды (586 ер адам және 662 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Дереккөздер
Санат:Қызылжар ауданы елді мекендері