Әлімбаева МәмиләҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987. -Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші. 1916 жылы Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Талдықорған ауданы, "Тау-Жалайыр" ауылында туған.
Еңбек жолы Еңбек жолын 1933 жылы "Еңбекшіқазақ" колхозында бастаған. 1942-1946 жылдары қызылша өсіруші болып еңбек етті. 1946 жылдан бастап қызылшашылар звеносын басқарды. 1947 жылы оның звеносы бекітілшп берілген учаскенің (5 га) әр гектарынан 580 ц, 1948 жылы әр гектарынан 600 ц қызылша жинап, жоспарда көрсетілгеннен 2 есе артық орындаған.
Жетістігі Ауыл шаруашылығы озаты. 2-ші сайлауда КСРО Жоғарғы Советінің депутаты болды.
Наградалары Ленин ордені Социалистік Еңбек Ері (1948) "Құрмет Белгісі" ордені
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер История народов Средней Азии
Санат:Социалистік еңбек ерлері