Бесқарағай (2007 жылға дейін – Большая Владимировка)Шығыс Қазақстан облысы Жарма, Үржар, Бесқарағай, Ұлан аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылыстарына өзгерістер енгізу туралы — ауыл, Абай облысы Бесқарағай ауданы және Бесқарағай ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Облыс орталығы - Семей қаласынан солтүстік-батысқа қарай 70 км-дей жерде, Балапан жонының оңтүстігіндегі жазық өңірде орналасқан.
+ Халқының саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен4377 4765 108,92018 2298 113,9 2359 2467 104,6
Тарихы Іргесі 19 ғасырдың орта кезінде құнарлы жерлерге жаппай қоныстандыру кезінде қаланды. Үлкен Владимировкада 1959 жылы құрылған 16-кәсіптік-техникалық мектеп, 1963 жылы қаланған асыл тұқымды мемлекеттік стансасы, Семей асбест-цемент зауытының және Бесқарағай ауданы тұтыну қоғамының қосалқы шаруашылықтары, т.б. мекемелер болған. Нарықтық экономикаға өтуге байланысты олардың басым бөлігі жекешелендіріліп, 20-дан астам шаруа қожалықтары мен “Айтмолдин және К”, “Дорожники” ЖШС-теріне біріктірілді.
Инфрақұрылымы Ауылда орта, балалар спорт мектебі, кәсіптік-тех. мектеп, 2 кітапхана, мәдениет үйі, ауданы аурухана, емхана, туберкулезге қарсы диспансер, санитарлық-эпидемиологиялық стансасы, дәріхана, 1 фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Ауыл арқылы Өскемен — Семей — Павлодар автомобиль жолы өтеді.
Дереккөздер
Санат:Бесқарағай ауданы елді мекендері