Қазақ халқының есептері

Қырсық жолаушы

Екі қыстақтың арасы 10 шақырым.Қырсық жолаушы күніне 2 шақырым алға жүріп, 1 шақырым кейін қайтады.Қырсық екі араны неше күнде өтеді?

Жылқыға жем беру

Ауылдасы жылқыңды қалай бағып отырсың деп үй иесінен сұрады.Сонда ол:-жылқыларыма күніне 10 қадақ жем беремін.2 бием бар. Құнанға екі қадақтан,тайға бір қадақтан жем беремін.Әржағын өзің есепте .Шаруасың ғой,-деді үй иесі.

Қасықыр,ешкі және қырықбуын

Бұл да халқымыздың ертек есептері. Шаруа өзеннен қасқыр,ешкі және шөпті алып өтуі керек.Қайыққа шаруаның өзі мінеді.Одан соң не қасқырды,не ешкіні , не шөпті алуына болады.Егер шаруа жағаға ешкі мен қасқырды қалдырып, шөпті алып кетсе , қасқыр ешкіні жеп қояды.Егер шаруа жағаға ешкі мен шөпті қалдырып,қасқырды алып кетсе, ешкі шөпті жеп қояды.Шару өз жүгін қалай өзеннен аман-сау алып өтеді?

Шекпен киген қара мен қарқаралы хан

Мейірімді,өз бағыңыздан бір алма алуға рұқсат етіңіз,-деді қара.Хан алуға рұқсат етті.Қара баққа келсе ,бақ үш рет қоршауға алынған екен.Әрбір қоршау қақпасында жасауыл тұр. Қара бірінші жасауылға келіп:

-Хан маған бір алма алуға мейірімділік жасады,-деді.

-Ал, бірақ шығарда алған алманның тең жартысын ,және бір алма бересің,-деді жасауыл.

Қақпадағы екінші және үшінші жасауыл да оған осылай деді.Жасауылдарға сұраған алмаларын беру үшін,қара бақтан неше алма алуы қажет?

Тауық нешеу саналған?

Қызық есеп айтайын,

Сынап сені байқайын.

Жауап айтшы бөгелмей,

Шешім болсын дегендей.

Бір сарайға қамайлар,

Тауық , түлкі табылар.

Есеп шарты мынандай:

Аяқ пен бас саналар.

Отыз аяқ жүр бір топ боп.

Көрмегенмен оларды

Айыруға болады.

Болсадағы бұл тосын,

Жауап берші,жүр досым.

Түлкі нешеу қамалған?

Тауық нешеу санлған?

Қолданылған материалдар

1.Қазақ халқының есептері,Бабаңнан саған не қалған.