Пак НадеждаГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), диқаншы, диқаншылар бригадасының звеношысы. 1921 жылы Ресейде, Қиыр-Шығыс өлкесі, Спасск қаласында туған.

Еңбек жолы мен жетістігі Қазақстанға қоныс аударғаннан кейін, 1940 жылы Талдықорған облысы (қазіргі Алматы облысы), Қаратал ауданы, МОПР ауылшаруашылық артеліне жұмысқа кіреді. 1944 жылы диқаншылар бригадасының звеношысы болады. Оның бригадасы жыл сайын тапсырманы асыра орындап отырды: 1945 жылы жаздық бидайдың әр гектарынан межеленген 11 центнердің орнына 12 центнерден өнім алады; 1946 жылы межеленген 10 центнердің орнына әр гектардан 12,5 центнерден бидай жинап жоспарды асыра орындайды; 1947 жылы межеленген 9 центнердің орына 9 гектардың әр гектарынан 38,2 центнерден астық алады.

Наградалары "1941-1945 жж Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін"(1946) Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948)

Дереккөздер

Санат:Социалистік еңбек ерлері