Фа́нни Ефи́мовна Капла́н (1890-1918) —1918 жылы Ленинге (Ульянов В.И.) бірнеше рет оқ тигізіп атып өлтіруге қам қылуымен аңыз болған Ресей революционер әйел. Өмірі

Фа́нни Ефи́мовна Капла́н (Фейга Хаимовна Ройтблат) 10 ақпан 1890 жылы Волын губерниясында (кәзіргі Житомир) туған. Әкесі Хаим Ройдман - еврей балалар үшін бастауыш мектепте мұғалім болған. 1905 жылы Фанни Каплан анархисттармен бірігіп революционерлер арасында "Дора" жалған атпен аты шықты. 1906 жылы Киев қаласындағы генерал-губенатор Сухомлиновқа лаңкестікке әрекет жасап жүргенде полицияға ұсталған. Сол кезде Киев далалық-әскери сот өлім жазасын белгілеген. Жауапкердің кәмелет жасына жетпегедігін ескеріп өлім жазасы өмір бойы Акатуй түрмесіне қамалуға өзгертіленген. 1917 жылғы ақпан революциясына дейін сол жерде тұтқында болған. Сол түрмеде Мария Спиридонова деген аты шулы революционер әйелмен танысып, көзқарасы өзгерген. 1906 жылғы оқиғадан кейін көз көруі әлсіреп, замадастары айтуы бойынша, тек бұлдыр кескіндерді ажырата алатын болып қалған. Сәтті хирургия операциясынан кейін көз көру қабылеті жарым-жартылай қалпына келген. еволюциядан кейін Севастополь қаласыда тұрған. Ленинің жанына қастық қылу 1918 жылы 30 тамызда Михельсон зауытында жұмысшылардың митингінде В.И.Ленин сөз сөлеген. Осы митенгтен кейін зауыттың ауласында Ленин бірнеше оқпен жарақат алған. Атқанын Фанни Каплан өзі мойнына алған. Тергеуде: "Өз парызымды ерлікпен өтедім, ерлікпен өлемін," - деп жауап берген. Қазан революциясын қабылдамағандығын және Ленинді революция ісінің сатқыны деп санайтынын айтқан. Каплан ойы бойынша, Ленин социализм ісін оншақты жылдарға алыстатқан. 4 күнен кейін Фанни Каплан 1918 жылы 3 қыкүйекте сағат 16:00-де заңды тергеусіз, соттын шешімісіз атылып өлтірілген. КСРО энциклопедиясы Дереккөздер