Талды – Нұра алабындағы өзен.
Географиялық орны Қарағанды облысындағы Шет ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 71 км, су жиналатын алабы 1730 км2.
Бастауы Талды Қарағаш тауының солтүстік - батыс беткейіндегі бұлақтардан басталып, Шопа ауылы тұсында Шерубайнұра өзеніне құяды.
Гидрологиясы Аңғары кең, арнасы көбіне тік жарлы. Ақсы, Байқасқа атты салалары бар. Жер асты, жауын-шашын суымен толығады. Сағасындағы жылдық орташа су ағымы 1,00 м2/с. Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Шет ауданы өзендері Санат:Нұра су алабы