Алиева СуграГерои Социалистического труда по полеводству Казахской ССР. Алма-ата. 1950. 412 стр. - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, Жамбыл облысы (қазіргі Түркістан облысы), Шу ауданы, "Новый путь" колхозының звеношысы (1945). 1928 жылы Әзербайжанда, Званск ауданы, Тангобин селосында туған.

Еңбек жолы мен жетістігі Еңбек жолын 13 жасынан бастаған ол, 1937 жылы Қазақстанға қоныс аударғаннан кейін "Новый путь" колхозына жұмысқа кіріп, қызылша өсіруші болып еңбек етеді. 1945 жылы қызылша өсірушілер тобының звеношысы болып тағайындалады. 1947 жылы Шу МТС-ның агрономының көмегімен қант қызылшасынан мол өнім алуға арналған агрошаралық жағдайларды жан-жақты жетілдіру жоспарын жасайды. Сол жоспар бойынша барлық агротехникалық шараларды сақтай отырып, оның тобы 2 гектар жердің әр гектарынан 815 центнерден қант қызылшасын алып, жоспарды артығымен орындайды.

Наградалары Ленин ордені "Орақ пен Балға" алтын медалі Социалистік Еңбек Ері (1948)

Дереккөздер

Санат:Социалистік еңбек ерлері