Көпжасар (1992 жылға дейін - Жаңаталап) — Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданындағы ауыл, Көпжасар ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Жаңақала ауылынан шығысқа қарай 12 км-дей жерде, Жалтыркөл көлінің оңтүстігіндегі еркекшөп, теріскен басым әр түрлі шөптер өскен сортаңды-сұр құмдақ топырақты, шөлді белдемде орналасқан.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1336 адам (652 ер адам және 684 әйел адам) болса, 2009 жылы 1752 адамды (863 ер адам және 889 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1597 адамды (836 ер адам және 761 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Тарихы 1963-1997 жылдары «Жаңаталап» қой кеңшарының орталығы болды. Оның негізінде Көпжасарда және округтегі Салтанат, Саралжын, Үштас ауылдарында «Көпжасар» серіктестігі мен 31 шаруа қожалығы құрылған.
Инфрақұрылымы Орта, 2 бастауыш мектептер, мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8
Дереккөздер
Санат:Жаңақала ауданы елді мекендері