The Chemical Brothers — электрондық музыка жанрында жұмыс жасайтын британдық музыкалық дуэт. Fatboy Slim, The Prodigy және The Crystal Method сынды музыкалық ұжымдармен бірге биг-биттің негізін қалаушы атақты топтардың бірі болып табылады. Дуэттің құрамы – Том Роулендс (1971 ж. 11 қаңтарда дүниеге келген) және Эд Саймонс (1970 ж. 9 маусымда дүниеге келген). Дуэт өз карьерасы барысында көптеген марапаттарды иеленді. Солардың қатарында 4 «Грэмми» сыйлығы бар.

Дискографиясы Exit Planet Dust (1995) Dig Your Own Hole (1997) Surrender (1999) Come with Us (2002) Push the Button (2005) We Are the Night (2007) Further (2010) Born In The Echoes (2015) No Geography (2019) For That Beautiful Feeling (2023)

Дереккөздер

Санат:Ұлыбритания музыкалық топтары Санат:1989 жылы құрылған музыкалық ұжымдар