Оноре Викторен Домие (; 26 ақпан 1808, Марсель - 11 ақпан 1879, Вальмодуа) - француз кескіндемешісі әрі график-суретші, мүсінші, XIX ғасырдың саяси карикатураның ірі шебері.
Өмірбаяны Әйнекшінің баласы Домие жас кезінде литографиямен шұғылданған.
1830 жылы - Революциядан кейін саяси карикатураның шебері ретінде көрінеді. Литографиялық, мүсіндік шарждарында, ағашқа ойып салған суреттерінде Домие жұмысшылар мен революционерлердің, бостандық жолында шайқасушылар мен қаза тапқандардың образын жасау арқылы буржуазиялық-дворяндық реакциясына аяусыз әшкерелейді ("Заң шығаратын түйін", "Баспасөз бостандығы", "Транснонен көшесі..." 1834). Домиенің литографиялық алғашқы еңбектері саяси қорытындыға бара алатын батылдығымен, реалисттік мазмұнының тереңдігімен көзге түсті.
1835 жылы - Саяси карикатураға тыйым салынғаннан кейін Домье тұрмыстық сатираға ден қойып, дүниеқоңыз, көлгірсіген соттар мен чиновниктердің пасықтығын ажуалады.
1848 және 60-70 жылдардағы революция тұсында Домие саяси сатираға қайта оралды. Франция-Пруссия соғысына арнаған патриоттық еңбегі ашу-ызаға, иронияға толды. Домьені кескіндемелеріндегі идеялық тереңдік, тақырып ауқымының кеңдігі, тұжырымдылық пен жинақылық, композицияларындағы шиыршық атқан шиеленіс бояулар сәулесі суретшінің көзі тірісінде танылған жоқ. Бұл саладағы шығармаларында сатирамен қатар қаһармандық образдар, халық көтерілісі тақырыбы, қарапайым адамдар өмірі және кезбе сауықшылардың романтикалық-гротескілік тұлғалары да басты орын алады. Суретші Дон Кихот образын жасауға да ат салысып жүрді.
Домие шығармашылығы - ХІХ ғасырдағы сыншыл раелизмнің шыңы.
Галерея
Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Санат:1808 жылы туғандар Санат:1879 жылы қайтыс болғандар Санат:Суретшілер Санат:Франция тұлғалары