Эмилио Агинальдо, Эмилио (22.03.1869-06.02.1964) - филиппинның саяси қайраткері.

Испания езгісіне қарсы 1896 ж. басталған көтеріліске қосылған буржуазия-помещиктік топтың жетекшісі. Агинальдо Бонифасио өлтіргеннен кейін, көтерілісшілер үкіметінің төрағасы болды.

1897 ж. желтоқсанда испан өқіметімен күресті тоқтату жөіндегі келісімге қол қойды да, Гонконгке кетіп қалды.

1898 ж. испан-американ соғысы басталысымен, Филиппинге қайта оралып, көтерісшілерге қосылды; сонан соң үкімет басшысы және қолбасшы болып тағайындалды. Бірақ революциялық қозғплыстың өріс алуынан қорқып, АҚШ-ты жақтаушы ымырашылдарды қолдады.

1901 ж. халықты күресті тоқтатуға шақырды.

1930 жылдары Революция ардагерлерінің одағы, Ұлттық-социалисттік партия деп аталған буржуазия-ұлтшылдық ұйымдарды басқардыҚазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 1 том.

Дереккөздер

Санат:Филиппиндер президенттері