БҮЙІР БЕТ — геометриялық денелердің табан аудандары ескерілмеген шекаралық беті және осы беттің аудан шамасы. Мысалы, тік призманың бүйір беті 4 тіктөртбұрышты жақтарының аудандарының қосындысына тең. формуласымен анықталады. Мұндағы — призманың биіктігіне перпендикуляр қимасының периметрі, — бүйір қабырғасының (немесе биіктігінің) ұзындығы.

Дұрыс пирамиданың бүйір бетінің ауданы: (мұндағы — табанының периметрі, — апофемасы).

Дұрыс қиықпирамиданың бүйір беті: (мұндағы және — табандарының периметрі, — апофемасы).

Конустың бүйір беті: , (мұндағы — табанының радиусы, — конустың жасаушысының ұзындығы).

Қиық конустың бүйір беті: (мұндағы және -қиық конустың табандарының радиустары, — конустық жасаушысының ұзындығы).

Цилиндрдің бүйір беті: (мұндағы — табанының радиусы, — цилиндрдің биіктігі).

Шардың беті: (мұндағы — сфераның радиусы). Шардың беті — сфера, ол толық бетке жатады."Математикалық ойашар", "Қазақ энциклопедиясы" Алматы, 2009

Дереккөздер

Санат:Математика