Ауғанстан туын (, ) Ауғанстан Ислам Әмірлігі 2021 жылдың 15 тамызда қабылдады.
Ауғанстанның туы – бір құдай Аллаға куәлік ететін ортасында шаһадасы бар ақ ту.
Ауғанстан 20 ғасырда мемлекеттік туына ең көп өзгерту еңгізген мемлекет болып табылады.http://flagspot.net/flags/af_his.htmlХотаки династиясы кезіннен яғни 1709 жылдан бастап Ауғанстан тарихында 20 әртүрлі ту болыпты.
Тарихи тулар Қолданылған жылдар Ту Пропорция Үкімет Аңғартпа 1709–17382:3Хотаки династиясы1747–18422:3Дуррани мемлекетіАхмад шаһ Дуррани басқарған уақыттағы және династиясының туы1826–1880 Бұл кезеңде ресми ту болмады.Ауғанстан әмірлігі1880 жылға дейін Баракзай династиясың туы болған жоқ.1880–19012:3Ауғанстан әмірлігіАбдуррахман хан басқарған уақыттағы ту.1901–19193:5Ауғанстан әмірлігіХабибулла хан басқарған уақыттағы ту.Хабибулла әкесінің туына қазіргі Ауғанстан елтаңбасының негізін қалаған белгіні қосты.1919–1926/292:3Ауғанстан әмірлігіАманулла хан басқарған уақыттағы ту. Әкесінің туына октаграмма бейнесіндегі сәулелерді қосып, тудың өлшемін ұлғайтты.Ауғанстан 1926 жылы патшалық болды.1926–19282:3Ауғанстан патшалығыАманулла хан басқарған уақыттағы екінші ту. Хан октаграмманы алқагүлмен алмастырып, Ауғанстан елтаңбасына аздаған өзгертулер еңгізді.19283:5Ауғанстан патшалығыАманулла хан басқарған уақыттағы үшінші ту. Қара, қызыл және жасыл түстерден құралған тудың қара түсі бұрынғы туларды, қызыл түсі Үшінші ағылшын-ауған соғысындағы қантөгісті, ал жасыл түсі болашаққа үміт артудың нышаны.1928–19292:3Ауғанстан патшалығыАманулла хан басқарған уақыттағы төртінші ту. Жаңа белгіде патшалықтың жаңа бастамасының нышаны екі қарлы таудың ортасында батып бара жатқан күн бейнеленген.19292:3Ауғанстан патшалығыХабибулла Калакани (Бұрын Бачай Сакао атымен танымал болған) басқарған уақыттағы ту. Қызыл, қара және ақ түстерден құралған ту XIII ғасырдағы Моңғолдардың қол астындағы қазіргі Ауғанстанның туымен бірдей болған.1929–19302:3Ауғанстан патшалығыНадир шах Мұхаммед басқарған уақыттағы ту. Қара, қызыл және жасыл түстерден құралған ту қайтадан орнына келді. Тудағы екі қарлы таудың ортасында батып бара жатқан күннің белгісі Аманулла ханның туындағы октаграммамен ауыстырылды.1930–19732:3Ауғанстан патшалығыНадир шах Мұхаммед басқарған уақыттағы екінші ту, бұл туды оның баласы Задмр шах Мұхаммед те қолданды. Тудың түстері өзгірген жоқ, алайда октаграмма алынып, белгі үлкейтілді. Белгімен мешіттің арасына Надир шах Мұхаммед династиясы бастау алатын ١٣٤٨ жыл (Ислам күнізбесі бойынша 1348 жыл, Григориан күнтізбесі бойынша 1929 жыл) салынған болатын.1973–19742:3Ауғанстан республикасыАуғанстан республикасындағы алғашқы ту. Бұрынғы туға өте ұқсас, айырмашылығы — ١٣٤٨ жыл жазуы алынды.1974–1978 2:3Ауғанстан республикасыАуғанстан республикасындағы екінші ту. Бұрынға тудағы түстер өзгермегенімен олардың мағыналары өзгерді: қара түс қиын-қыстау замандарды, қызыл түс тәуелсіздік үшін қантөгісті, ал жасыл түс ауыл шаруашылығының гүлденуін білдіреді. Тудың сол жақ жоғарында жаңа белгі - кеудесінде мінбар, айналасында бидай және күн сәулесі бейнеленген қанатын жайған бүркіт бейнеленген.19782:3Ауғанстан демократиялық республикасыМемлекеттік төңкеріс кезінде мемлекет басшысы өлтіріліп, Кеңес одағының көмегімен зайырлы социалистік мемлекет құрылды. Тудың дизайны өзгермегенімен бүркіт бейнесі алынып тасталынды.1978–1980 1:2Ауғанстан демократиялық республикасыБұл ту XX ғасырдағы социалистік мемлекеттердің туларының жалпы дизайны қызыл алаңнан және сол жақ жоғарында сары белгіден құралады. Алқагүл бейнесінің жоғарына жұлдыз (ұлттың бес этникалық тобын білдіреді) және ортасына арабтың өрме жазуымен жазылған Khalq (халық) жазуы қосылды. Бұл ту Нұр-Мұхаммед Тараки басқарған Ауғанстан халықтық-демократиялық партиясының Халық фракциясының да туы болды.1980–19871:2Ауғанстан демократиялық республикасы1979 жылдың желтоқсанында Парчам фракциясы Халық фракциясын құлатқасын ту өзгерді. Жаңа басшылық қара, қызыл және жасыл түстерінен құралатын ту қайтадан орнына келді. Батып бара жатқан күннен (мемлекеттің бұрынғы атауы - Хорасан “Күншығыс елі” дегенді білдіреді), мінбе және кітаптан (Карл Маркстың Коммунистік партияның манифесі немесе Капиталы деп есептелінеді), ұлттық түстердегі баудан, өнеркәсіптің нышаны - тісті доңғалақ және коммунизмның белгісі қызыл жұлдыздан құралған жаңа белгі пайда болды.1987–1992 1:2Ауғанстан республикасыАлдыңғы тумен ұқсас келген бұл тудың айырмашылығы — Тісті доңғалақ жоғарыдан төменге ауысты, қызыл жұлдыз және кітап алынып тасталынды және жасыл алаң көкжиекпен ұқсас болу мақсатымен майыстырыды.19921:2Ауғанстан Ислам РеспубликасыПрокеңестік тәртіп құлағанан кейін уақытша құрылған ту. Жоғарғы жолақта арапша тәкбір (Аллаху Әкбар), ал ортаншы жолақта Шаһада орналасқан.1992–19961:2Ауғанстан Ислам Республикасы / Солтүстік АльянсШаһада логотипте жазылып, логотиптің жоғарына "دا افغانستان اسلامی دولت" (Ауғанстан Ислам Республикасы). 1996–19972:3Ауғанстан Ислам ӘмірлігіТалибандар қозғалысының ақ түсті туы.1997–20012:3Ауғанстан Ислам Әмірлігі1997 жылы Талибан туына Шадаһаны қосты.2001–20021:2Ауған уақытша әкімшілігі2002–20041:2Ауған өтпелі әкімшілігіТу қара, қызыл және жасыл тігінен орналасқан жолақтардан құралады. Бұл түстер 1920 және 1990 жылдар аралығындағы Ауғанстан туларында болды. Тудың ортасында Михраб — мешіт қабырғасындағы Меккеге бағытталған қуыс белгіден тұратын елтаңба белгіленген. Бұл ту 1930 және 1973 жылдар аралығындағы Ауғанстан патшалығының туына өте ұқсас. Айырмашылығы — мешіттің жоғарына шаһада қосылып, Ұлыбритания бодандығынан шыққан ١۲۹٨ жыл (Ислам күнізбесі бойынша 1298 жыл, Григориан күнтізбесі бойынша 1919 жыл) жызылды. Алтын түсті елтаңбамен өрнектелген бейресми ту да бар.2004–20212:3Ауғанстан Ислам РеспубликасыАлдыңғы туға өте ұқсас. Айырмашылығы - "دا افغانستان اسلامی دولت" "Ауғанстан Ислам Республикасы" жазуы қысқаша "افغانستان" Ауғанстан жазуымен алмастырылды..
Үкіметтік тулар <div style="text-align: center;">Қолданылған жылдар</div> <div style="text-align: center;">Ту</div> <div style="text-align: center;">Пропорция</div> <div style="text-align: center;">Үкімет</div> '''Аңғартпа'''1931–19732:3Ауғанстан патшасыАуғанстан патшасының патшалық байрағы.2004–20212:3Ауғанстан президентіАуғанстан президентінің байрағы.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
http://www.afghantribes.com/flags Encyclopedia Iranica: Ауғанстан тулары Ауғанстан туы Ауғанстан тулары
Санат:Мемлекеттік тулар Санат:Ауғанстан саясаты