Вахиде Перчин () (1965 жылы 13 маусымда Измирде, Түркияда дүниеге келген) – театрдың және киноның саласындағы түрік актрисасы.

Өмірбаяны Вахиде 1965 жылы XX ғасырдың басында Грекиядан келген босқындардың отбасында дүниге келген. Әкесі – ауыр жүк көлігінің жүргізушісі, анасы – үй қожалығымен айналысады. Орта мектепті тәмамдағанан кейін бейнелеу өнері факультетіне (театр бөлімшесіне) түсті.

Мансабы Алғашқы уақытта жергілікті театрда қызмет етті. 2003 жылы Ыстамбұлға көшіп келді де, жақын арада «Ыстамбұл жайлы ертегілер» атты телехикаядан рөл алды. Оның үлкен жетістігі «Мен оны Фериха деп атадым» атты телехикаяда Зехраның рөлін сомдау болды. 2013 жылы «Тамаша ғасыр» атты телехикаяда Мәриям Үзерліні алмастырып Хүррем сұлтанның рөлін орындады.

Жеке өмірі Студенттік кезінде Вахиде Алтан Гөрдүм атты актерге күйеуге тиеді. Олар алдымен Измирде бір театрда жұмыс істейді, ал кейіннен бір түсірілім алаңында кездеседі. Ыстанбұлға көшіп келген шақта-ақ жұбайлардың актерлік мансаптары кеңейе берді. Алтан Гөрдүм Отандың көрермендерге «Ғажайып ғасыр» телехикаясындағы Бекир-аға рөлімен танымал. 1994 жылы ерлі-зайыптылардың Алези атты қызы дүниеге келді. 2013 жылы жұп айырылысып кетті.

Қатерлі ісікпен күресуі “Мен оны Фериха деп атадым» атты телехикая түсіріліп жатқан кезде, актрисаға қорқынышты диагноз қойылды – сүт безінің қатерлі ісігі. Жобаны тастап, Вахиде аурумен күресуге кірісті. Оны жұбайы, қызы, қызметтестері мен көрерменде қолдап, көмек берді. Қауіпті аурудан айығып, актриса қайтадан жұмысқа кірісті.

Фильмографиясы жылы Қазақша атауы Шынайы атау Сомдаған рөлі2004сЫстанбұл жайлы ертегілер Bir İstanbul MasalıСузан Козан/Suzan Kozan2005фЫстанбұл, айтшы! Anlat Istanbul Хүррем / Hürrem2005с Қырсыз белдеу Hırsız Polis Фулия / Fulya2006ф Алғашқы махаббат İlk Aşk Невин / Nevin2007ф Сенелер Лондра Ivi Seneler Londra Ферда / Ferda2007-2008с Менің анам Annem Зейнеп Еғилмез / Zeynep Eğilmez2008ф Көтеріліс машиналары Devrim Arabaları Суна / Suna2010ф Зефир Zefir Ай / Ay2010c Мен оны Фериха деп атадым Adını Feriha Koydum Зехра Йылмаз / Zehra Yılmaz2012с Сыйлы өмір Merhaba Hayat Дениз Корел / Deniz Korel2013ф Айхан Ханым Ayhan Hanım Айхан / Ayhan2013-2014с Ғажайып ғасыр Muhteşem Yüzyıl Хүррем Сұлтан / Hürrem Sultan2015-2016ф Көшіру уақыты Göç Zamanı Дженнет / Cennet2016х Ана Anne Гёнюль Аслан / Gönül Aslan

Марапаттары

жылы Марапаты Санаты1996«Sanat Kurumu» Үздік әйел рөлі2007«14. Altın Koza Film Festivali» Үздік актриса (Алғашқы махаббат)2007«Magazin Gazetecileri Derneği Altın Objektif Ödülleri» Үздік театр актрисасы2008«Radyo Televizyon Gazetecileri Derneği Yılın Ödülleri» Жыл әйелі

Дереккөздер

Санат:13 маусымда туғандар Санат:Измирде туғандар