Нәдек — Жетісу облысы Панфилов ауданы, Бірлік ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы – Жаркент қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 23 км-дей, округ орталығы – Алтыүй ауылынан солтүстікке қарай 6 км-дей жерде, құрғақ дала белдемінде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен14451498 1488 99,3 768 764 99,5 730 724 99,2

Тарихы 1951–1997 жылдары жүгері өсіретін Киров атындағы ұжымшардың бөлімшесі болды. Оның негізінде 1997 жылдан Нәдекте бірнеше шаруа қожалығы құрылды.Қазақ энциклопедиясы, 7 том

Дереккөздер

Санат:Панфилов ауданы елді мекендері