Серғазы Опалқожаев (1882, қазіргі Сырдария ауданы – 22.10.1970, Қызылорда қаласы) – қайраткер, құрметті теміржолшы. 1917 – 19 жылдары Перовск (Қызылорда) қаласындағы темір жол бөлімшесінде ұйымдасқан астыртын партизан отрядына қатысқан. Азамат соғысы жылдары ақ гвардияшыларды талқандауға белсене араласты. Кейін темір жол жүйесінде ұзақ уақыт жұмыс істеді (1926 – 57). Ленин, Қызыл жұлдыз орденімен, медальдармен марапатталған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланған. Қызылорда қаласының құрметті азаматы (1968).
Отбасы Ұлы: Алпысбай Серғазыұлы Опалқожаев Сілтемелер Қазақ энциклопедиясы
Санат:Әдебиет Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары