Қызойнақ. «Бір күні қызойнаққа барып, таң ата келіп жатсам, ұйықтап қалған екенмін, әжем оятады» (Б.Майлин). Әке – шешелері жоқ кезінде бойжеткен қыздар оңаша қалып, ойын – сауық ұйымдастырады. Оған (жасырын түрде) жігіттер де қатысады. Бұл мәжіліс құпия өтеді және оны ұйымдастырушылар тек қыздар болғандықтан «қызойнақ» деп аталған. Қызойнақ көп ұйымдастырылмайды, ата – ана оған өз қатысуына қыздарына қатаң тыйым салған. Оның – мақсаты қыздардың жеңілтектіктен немесе ұятты болып қалудан сақтандырады.
Дереккөздер 1.
2. Салт-дәстүрлер кітабы , Атамұра 2011ж.
3. Санат:Қазақ салт-дәстүрлері