Аммонал - аммониттер тобына жататын қопарғыш зат. thumb|left|250px| 1916 жылы 1 маусымда Британ әскері Соммадағы шайқаста қолданған. 18 тонна аммонал әйдік кратер қалдырған.

Тарихы 1915 жылы алғашқы рет 1-ші дүниежүзілік соғысында Британ армиясы арзан қопарғыш зат ретінде қолданған. Британ аммоналының құрамында: 65% аммиак селитрасы, 15% тротил, 17% алюминия и 3% ағаш көмір болған.

Қазіргі таңда өнеркәсіптік мақсаттарында динамит орнына қаолданады.

Құрамы Құрамында аммоний селитрасы (80-90%), алюминий ұнтағы 5-10%), көмір, парафин т.б. қосылыстар (3-5%) бар.

КСРО-да Аммоналдың екі түрі шығарылатын: Аммонал (ГОСТ 21984) - сүр түсті ұнтақ, аз сусымалды, суға төзімді, сақтағанды тұрақты. Құрамы: аммиак селитрасыЖВ - 80,5 %, тротил — 15 %, алюминий ұнтағы — 4,5 %. Оқтарды жасауға қолданатын. Аммонал тасты №3 - сүр түсті ұнтақ. Ең күшті қопарғыш заттың бірі. Жоғары суға төзімділік, сақтағанда тұрақты, детонациялық мүмкіндігі өте жақсы. Құрамы: аммиак селитрасыЖВ - 72 %, тротил — 16 %, гексоген — 1,5 %, алюминий ұнтағы — 8 %.

Негізгі физика-химиялық қасиеттері және қопарғыш көрсеткіштері Детонация жылдамдығы - 3500 - 4500 м/с Фугастығы - 480 - 550 сm³ Уақтағыштығы - 13-16 мм Үйкеліске тұрақтылығының төменгі көрсеткіші - 5700 кгс/сm²-дан жоғары Тротил эквиваленті - 0,7

Қолдануы Кен ошақтарында және шахталарда қопарғыш жұмыстарын жүргізу үшін қолданылады.

ҰОС кезінде тротилдің жетіспегенінде аммоналмен снарядтарды оқтайтын.

Тасымалдауы, орауы және сақтауы Патрондар түрінде шығарылады. Полиэтилен пакетке 10 данадан салынады. Пакеттер гофралынған қораптарға салынады. Жабық қойма орындарда сақталады. Тасымалдау кезінде атмосфералық жауын-шашыннан және тіке күн көзінен сақтау керек. Сақтау мерзімі - 12 ай.

Сыртқы сілтемелер http://www.ataka.org.ua/

Дереккөздер “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Санат:Химия Санат:Қопарғыш заттар