Жүнісов Қанат Құрмашұлы – әнші, актер, режиссер, ақын, драматург.         

1974 жылы 22 ақпанда бұрынғы Семей облысы, Аягөз ауданы, Тарбағатай ауылында дүниеге келген.

1980-90 жж. «Октябрь» орта мектебінде оқыған.

1991-94 жж. Ж.Елебеков атындағы эстрады-цирк училищесінде Қазақстанның Халық артисі Қ.Байбосыновтан тәлім алған.

1994-98 жж.  Т.Жүргенов атындағы театр және кино институтының актерлық бөлімін тәмамдаған.                                                                                          

Дәстүрлі ән байқауының жүлдегері.

С.Сейфуллиннің рөлін  Сәкеннің 110, 115, 120 жылдығында театр сахнасында, "Сәкен", "Мағжан", "Өмір жолы", "Тайны и судьбы великих казахов", «Н.Нұрмақов» секілді деректі фильмдерде және "Жамбыл", «Қызыл жебе» көркем фильмдерінде сомдаған.

"Сәкен сұңқар" бейнебаянын мен «СӘКЕН» фильм-концертін түсірген. Әрі басты рольде ойнаған.

"Біржан сал" фильмінде ойнаған әрі фильмдегі сал-серілердің сөз қағысуын, "Құнанбай" фильміндегі Жанақ ақынның жырын жазған.

Еліміздің әртүрлі деңгейдегі алпыстан аса театрында пьесалары сахналанған.

2014 жылы қазақ өнері тарихында тұңғыш рет бірнеше жанрды қамтыған ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ АПТАЛЫҚ өткізген.

Қ.Жүнісовтің "Жас қала, жас қаламгер" атты шығармашылық апталығының бағдарламасы:

·   22 қыркүйек "Өнерге тағзым" (дәстүрлі ән және поэзия кеші)

·   23 қыркүйек "Махаббат мелодрамасы" (спектакль)

·   24 қыркүйек "Ғашықтар хикаясы" (спектакль)

·   25 қыркүйек "Алғашқы махаббат" (спектакль)

·   26 қыркүйек "Әншінің пірі Әміре" (моноспектакль)

·   27 қыркүйек "Сәкен сұңқар" (спектакль)

·   28 қыркүйек "Сырлы саз" (Қ.Жүнісовтің сөзіне жазылған әндерден концерт);

Бұлардан өзге «Баһадүр», «Қаһарман қыз», «Махаббат хикаясы», «Жеңіс жалауы», «Пранк махаббат», «Алаш жолы», «Ұлт көсемі», «Әскердің әлегі», «Әміре (либретто) », «Күле аласыз ба?»  пьесаларының және «Сәкен» атты киносценарийдің авторы. Сонымен бірге композитор Ә.Абдинуровпен бірлесіп «Сәкен» операсын жазған.

2011 жылы "Алғашқы махаббат" комедиясы Ресейде өткен студенттік театр фестивалінде "Ең үздік шығарма" номинациясын жеңіп алған.

2014 жылы "Сөйле сырлы сахна" атты кітабы жарыққа шыққан.

"Шалқар шабыт" радиоспектакльдер сайысында "Әншінің пірі Әміре" атты моноспектаклі жүлдегер атанған.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «ТӘУЕЛСІЗДІК. ӘДЕБИЕТ. ҚАЛАМГЕР» атты республикалық байқауда «Үздік драматург» номинациясын иеленді.

2017 ж. «Ауылым – алтын тұғырым» әдеби байқауында Ж.Аймауытов атындағы арнайы жүлдемен марапатталды.

2020 ж. «Сезім хаттары» жыр жинағының аудио нұсқасы жарыққа шыққан.

2021 ж. «Елорда - өнер өлкесі» театр фестивалінде «Жеңіс жалауы» қойылымы арнайы дипломмен марапатталды.

2022 ж. Республикалық «Дала даусы» байқауында «Сәкен» операсы Гран-при иегері атанды.

Қазақ эстрадасындағы "Бәйтерек", "Аламан", "Формат" т.с.с  топтардың,  көптеген танымал әншілердің репертуарларындағы белгілі әндердің сөзін жазған.

Қ.Жүнісов сөз жазған 200 ден аса әннің қырықтан астамы Астана радиосының "Хит шеру" бағдарламасында жеңімпаз атанған.

2006 жылы "Ханшайым", 2014 жылы "Ән қанаты" атты ән жинақтары шыққан.

«Жұлдызды Астана – 2016» тұңғыш радиосыйлығында "Үздік мәтін авторы" номинациясының жеңімпазы атанды.

«Disney»  компаниясы шығарған «Моана»  атты мультфильмнің әндеріне қазақша мәтін жазды.

50 ге жуық әдеби кештердің сценарийлерін жазып, әрі кештерді жүргізген.

2024 жылы өнер тарихында тұңғыш рет «Қолтаңба» атты ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОНКҮНДІК (декада) өткізген.

Он күндік бағдарламасы:

1.    «Сәкен» фильм-концертінің тұсаукесері. Сценарий авторы әрі режиссеры Қ.Жүнісов.

2.    Қ.Жүнісов / Ә. Абдинуров «Сәкен» (опера) концерттік нұсқа.          

3.    Қ.Жүнісов  «Алия» (драма).         

4.    Қ.Жүнісов «Алғашқы махаббат» (комедия).

5.    Қ.Жүнісов «Жеңіс жалауы» (драма).

6.    Қ.Жүнісов «Алаш жолы» (драма).

7.    Қ.Жүнісов «Күле аласыз ба?» (музыкалық комедия).      

8.    Қ.Жүнісов «Әміре»    

9.    Қ.Жүнісов «Пранк махаббат» (комедия).

10.  Қ.Жүнісов «Сәкен сұңқар» (тарихи драма).

Сәкентанушы. Республикалық газет-журналдарға шығармалары, сұхбат-мақалалары жиі басылып тұрады.

2024 жылы «Кейіпкер ғұмыр» драмалық жинағы мемлекеттік тапсырыспен жарыққа шықты.

Аягөз ауданының құрметті азаматы. 

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі                                                                                                                                                                                                                  

Қазақстан Театр Қайраткерлері Одағының мүшесі.

Қазақстан Авторлар Қоғамының мүшесі.

1998-2009 жж. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қызмет еткен.

2009-2015 жж Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі болған.

2007-2019 жж Қазақстан Авторлар Қоғамының  Астана қаласы филиалының төрағасы қызметін атқарған.

Қазіргі уақытта «Ұлттық Ұлан» ән-би ансамблінде қызмет жасайды.

Қанат Жүнісовтің пьесаларын сахналаған театрлар:

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры - «Махаббат мелодрамасы», «Сәкен сұңқар».

Астана қалалық Жастар театры - «Алғашқы махаббат», «Пранк махаббат».

ШҚО қазақ драма театры - «Ғашықтар хикаясы немесе общагадағы серілер», «Алғашқы махаббат».

Моңғолия, Баян-Өлгей аймағы «Алтан гадас» театры - «Алғашқы махаббат».

Абай атындағы қазақ музыкалық-драма театр - «Ғашықтар хикаясы».

А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театры - «Алғашқы махаббат».

С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ музыкалық драма театры - «Ұлтқа қызмет».

Ұлттық Ұлан ән-би ансамблінің театры - «Жеңіс жалауы».

Р.Сейтметов атындағы Түркістан облыстық сазды драма театры - «Ғашықтар хикаясы».

Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыка-драма театры – «Әншінің пірі Әміре».

Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театры - «Алғашқы махаббат», «Ғашықтар хикаясы».

Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық қазақ драма театры - «Махаббат мелодрамасы», «Алғашқы махаббат».

Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры - «Алғашқы махаббат», «Ғашықпын саған».

Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры - «Алаш жолы».

Х.Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры - «Алғашқы махаббат».

Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық драма театры - «Ғашықтар хикаясы».

М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры «Алия» (драма / орыс тілінде).

«Қанаттылар» инклюзивті театры «Күле аласыз ба?» (музыкалық комедия).

Қызылорда қалалық Жастар театры - «Алғашқы махаббат».

Арқалық жасөспірімдер театры - «Ғашықтар хикаясы».

«Синтез» театры – «Алғашқы махаббат»

Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театры - «Алғашқы махаббат», «Ғашықтар хикаясы».

Темір аудандық халық театры - «Алғашқы махаббат».

Көкшетау қаласы Ақан сері атындағы колледждің студенттік театры - «Алғашқы махаббат».

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Біз» студенттік театры - «Ғашықтар хикаясы».

Л.Гумилев атындағы ЕҰУ «Шаңырақ» студенттік театры - «Ғашықтар хикаясы», «Алғашқы махаббат»

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы - «Махаббат мелодрамасы» (дипломдық спектакль).

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті - «Ғашықтар хикаясы»,  «Алғашқы махаббат».

Семей медициналық университеті - «Алғашқы махаббат».

Қ.Жұбанов атындағы университеттің «Кемал» студенттік театры - «Ғашықтар хикаясы», «Алғашқы махаббат».

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті студенттік театры - «Алғашқы махаббат».

«Әзілкештер ауылы» сатиралық халық театры – «Алғашқы махаббат»

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті «Думан» Халықтық жастар театры – «Ғашықтар хикаясы».

Атырау қалалық әкімдігінің Жастар театры - «Алғашқы махаббат»

Мақат аудандық халық театры - «Махаббат мелодрамасы».

Кентау қалалық халық театры - «Ғашықтар»

Құрманғазы ауданы З.Исмағұлов атындағы халық театры - «Алғашқы махаббат».

Петропавл қаласы Назарбаев зияткерлік мектебі – «Алғашқы махаббат».

Музыкалық жас көрермен театры - «Әміре»

Қ.Жүнісовтің спектакль денгейінде бір реттік көрсетіліммен сахналанған пьеса-сценарийлері:

«Шолпан жұлдыз», «Тұлғаға тағзым», «Режиссер әлемі», «Алып жүрек», «Дарабоз», «Ақ самайлы актриса», «Актер әлемі», «Ақ сұңқар», «Асылдың сынығы».

Қазақ халқының атақты тұлғалары кітабы, АЛМАТЫКІТАП 2010ж.

http://kitaphana.kz/

Дереккөздер

Санат:Қазақстан әншілері